Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия діни басқармалары арасында жасалған (2007 жыл, 29 қазан) ынтымақтастық келісім-шарт бойынша түркиялық ұстаздар еліміздің мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарында дәріс беріп келеді. 

Астанада наиб мүфти Серікбай қажы Ораз түркиялық теологтардың жаңа легін қабылдады. Басқосуда наиб мүфти бірнеше мәселеге назар аударды. Біріншіден, қазақ тілін үйрену, екіншіден, Әбу Ханифа мәзһабы негізінде фиһқ пәнінен дәріс өткізу, үшіншіден, имамға көмекші болу, төртіншіден, жат ағымдағы жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу қажеттігіне тоқталды.

«Ұстаз – мешіттің жүрегі. Сондықтан сіздер біздің имамдардың көмекшісіне айналуларыңыз қажет. Аға-туыс, бауыр ретінде араласып, нәтижелі жұмыс жасайтындарыңызға сенімдімін. Қазақ пен түрік – бауырлас ұлт. Біздің дініміз де, мәзһабымыз да бір, дәстүріміз де ұқсас. Қазір екі елдің Діни басқармалары араларында байланыс жақсарды», – деді Серікбай қажы Ораз.

Түркиядан келген ұстаздарға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы ресми табысталды. Олар Ақтау, Түркістан, Алматы, т.б. қалалардағы мешіттерде дәріс өткізбек. 

www.muftyat.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы