Абу-Дабиде мұсылман өркениетінің жаухарларын жинақтаған жаңа Ислам орталығы ашылды. Орталық көрмесінде көптеген экспонаттар, картиналар мен жібек кілемдер, ескі қарулар, гобелен мен мүсіндер ел назарына ұсынылды. 

Мәдина Махмұд есімді көрме қонағы осы ғажап туындарға тәнті екенін айтады. «Мен жеті жылдай кілем тоқыдым. Сол үшін Ислам өнері мен үшін маңызды әрі қызықты. Көрмеде кейбір кілемдер алтын жіптермен тоқылған екен. Бұл – ғажап» дейді ол. Ал Оңтүстік Африкалық қонақ Линн Рэндалл «Мені ислам өнері қатты қызықтырады. Бұл жәдігерлерден тарихтың үнін естігендей боламын» деп, өз әсерлерімен бөлісті.

Ал орталық директоры Манзур Кахру «Директорлар кеңесі ислам өнері туындыларын Мысыр, Иран, Ирак, Үндістан секілді тарихы терең елдерге арнайы адамдарды жіберіп, алдыртты. Мұсылман өркениеті мен мәдениетінің, даналығының тамыры тереңде екенін көрсеткіміз келеді» деп, орталықтың негізгі мақсатымен таныстырды.

 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы