Пермде тұңғыш мұсылман колледжі ашылды. Оқу мекемесінің заңды тіркелгендігі туралы қала әкімшілігінің ресми сайтында жарияланды.

Колледж Перм орталық мешітінде өткізілетін курстар негізінде сабақ жүргізеді. Ал оқу бағдарламасы алдағы наурыз айында басталады деп жоспарлануда. Оқу мерзімі – 2 жыл.

«Перм өңірінде дін қызметкерлері жеткіліксіз. Біздің колледж осы кемшіліктің орнын толтыруға атсалыспақ. Бұл дәстүрлі исламды өркендету үшін өте маңызды» дейді колледж директоры. Ол сондай-ақ оқу ақысының да қымбат болмайтындығын ескерте кетті. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы