64 гектар аумақты қамтитын бақ қасиетті Құран кәрімге арналмақ. Дубайдан ашылатын бақ аумағында қазір соңғы безендіру жұмыстары жүргізілуде. Ірі жоба жетекшілері Құран бағына келетін жолдар мен автотұрақтардың жасақталуына жіті мән беріп отыр. 

Аталмыш жоба  құрылысы алдағы қыркүйек айында толық аяқталады. Бұл бастама қоғамды Құран және оның тылсым ғажайыптарымен таныстыруды мақсат етеді. Құран бағында араб әмірлігінде өсетін және Құранда аты аталған барлық өсімдіктің түрлері өсірілетін болады.

Қасиетті Құран кәрімде өсімдіктің 54 түрі аталса, соның 35-і саябақта өсірілмекші. Сондай-ақ,  аудио-бейне және суретті материалдар түріндегі Құран таңғажайыптарын ұсынатын туннель, ашық аспан астындағы театр, умра бұрышы, фонтандар, пальма оазисі, көлдер, альпі бағы, жүгіру және велосипед алаңдары да қамтылады.  

ummet.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы