Мьянма орталығы Янго қаласында 1937 жылдан бері кедей-кепшіктерге арналған Тегін мұсылман емханасы (Muslim Free Hospital) бұқараға қалтқысыз қызмет етіп келеді. 

Айта кету керек, бұл емхана жергілікті жүрегі кең мұсылман халқының жиған қаржысымен күні бүгінге дейін емделушілерді қабылдап келеді. Сондай-ақ адамдардың діни сеніміне, этникалық шығу тегіне және әлеуметтік жағдайларына қарап бөліп-жармастан баршасына бірдей ем жасайды.

Мьянма мұсылмандары 80 жылдан бері елдегі әртүрлі сенім мен ұлт өкілдерінен шыққан кедей-кепшіктердің емделуіне қажетті медициналық көмекті көтеріп келеді.

Бүгінде Мьянмада мұсылмандар азшылықты қауымына жатады, олар жалпы халықтың 4 пайызын құрап отыр. Ал аталмыш емханада мұсылман, христиан және будда сеніміндегі 45 дәрігер өз еріктерімен қызмет етеді.

Емхананың амбулаторлық бөлімі күніне 450 адам қабылдайды екен. 2000 жылғы есеп бойынша осы жерден 6 мың шамасында адамдар ем алған. Мұсылмандар соққан емдеу мекемесінде хирургиялық, терапевт, көз және гинекология бөлімдері бар. Ал мұнда айына шамамен 220 сәби жарық дүние есігін ашуда. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы