Катар қайырымдылық ұйымы 2014 жылы Африка құрлығындағы 30 елде 632 су тарту жобасын іске асырды деп хабарлайды Middle East Monitor.

 Al-Sharq порталы 1,3 млн адамды қамтыған аталмыш жобаларға 2,5 млн доллар көлемінде қаражат жұмсалған деген де деректерді келтіреді.

Катар қайырымдылық ұйымы бас кеңсесінің директоры шейх Хамад Абдулқадырдың айтуынша, Африкада халыққа аса қажетті шаруаларымен айналысатын 41 кампания жұмыс істеуде.

Африка жұртшылығын көбіне көп ауыз су мәселесі қинауда. Шейх Хамад бар мәселенің бастауында соңғы жылдары құрлықты жайлаған құрғақшылық қатты қысып жібергендігін жеткізді.

«Біздің қайырымдылық ұйымы бар күш-жігерін осы мақсатта салып, жұмыла жұмыс істеуде» дейді Абдул-Қадыр.

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылға қарай су тапшылығы 250 млн африкалық тұрғынның тағдырларына қиындық әкеледі. Ол өз кезегінде су көздеріне талас пен шиеленістің артуына әкеліп соғады дейді мамандар. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы