Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Омбы қаласының Бас имамы, наиб мүфти Бота Бақулинді қабылдады.

Ресейден келген қонақ Бас мүфтиге Омбы облысындағы діни ахуал туралы, қазақ диаспорасының бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді. Астанада тұңғыш рет өткен Бірінші республикалық имамдар фарумына қатысқан Бота Зейнілғабиденұлы игі шараның мәні мен мазмұны, мұсылман қауымының ауызбіршілігін арттырудағы рөлін айрықша атап өтті.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Омбы облысында тұратын қазақ бауырларға Діни басқармадан шығып жатқан газет-журнал, кітаптарды жүйелі жеткізіп тұруға уәде берді. Сондай-ақ екі жақты тәжірибе алмасу, имамдардың білімін жетілдіру бағытында арнайы келісімдер жасалды.

Бота Бақулин қажы Бас мүфтидің Омбы облысындағы қазақтарға жасап жатқан қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді.

www.muftyat.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы