Таяуда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ілімнің орталығы саналатын Мысырдағы әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетіндегі имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған 3 айлық курсқа  білім-біліктілігі жоғары 5 имамды іріктеп, аттандырған еді. Бүгінде имамдарымыз ел орталығы Каирде білім жолындағы жұмыстарын бастап та кетті.

Қазіргі уақытта Египет астанасы «Мәдинәтул буғус исламия» қалашығында имамдардың білімін жетілдіру курсында әлемнің түкпір-түкпірінен дін қызметкерлері қатысуда. Осы дін қызметкерлерінің қатарында Отанымыздан жолдама алған Нұрлан Рамазан, Ғазиз Ахмет, Думан Сайфуллин, Асқар Жұбанов пен Хамит Мырзагелдиевтер білім шыңдауда. 

Аталмыш курста ақида, фиқһ, исламдағы ағымдар, араб тілі, ислам өркениеті, шешендік өнер сынды салалар бойынша  дәрістер өткізіледі. Ал осы дәрістерді «әл-Азһар» университетінің білікті доктор профессорлары жүргізуде. Имамдарымызға алдағы үш ай үзіліссіз жүретін курста  доктор Әли Махмуд есімді «әл-Азһар» университетінің ғалымы жетекшілік етеді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

http://aqmeshit.kz/administrator/



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы