Алтай республикасы Қос-Ағаш ауданы әкімдігі жергілікті мұсылман қауымының өтінішіне орай мешіт, медреседе ғимараты және өзге де қажетті құрылыстарына жер бөлді.

Алтай аймағының мүфтиі Жанболат Оқтаубаевтың айтуынша, ескі әуежай  ауданы маңынан 1 га жер бөлінген. Алтай елінде жыл санап қазақ жұртшылығының артуымен қазіргі Қос-Ағаштағы мешіт жамағатқа сыйымсыз болуда.

Кеңес үкіметі кезінде тек ақсақал, қариялардың оқитын Құранын бүгінде осы аймақтың кәрі-жасы, баршасы оқи бастады, құбылаға бет бұрып, тізе бүгіп, сәждеге жығылған жамағат қарасы көп. Сол себепті Ислам орталығын салу уақытында туған талап әрі қажеттілік болып отыр. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы