Біріккен араб әмірлігіне ат басын тіреген жүзге жуық туристер биыл өткізілген Дубай сауда фестивалінде Ислам дінін қабылдады.

«Дубайдағы Ислам дінінің ерекшеліктері мен құндылықтарына негізделген сауда мен меймандар легін көтеру, қоғамды Ислам жайында жалған әрі таяз түсініктерден тазарту 2015 жылдың стратегиялық жоспары болып табылады» деп мәлімдеді Ислам Істері басқармасының төрағасы Худа Әл-Кааби (Huda Al Kaabi).

Ислам діні басқармасының ресми мәліметтеріне сүйенсек, 53 адам өткен қаңтар айында ислам дінін қабылдаған.

Жаңа мұсылман қауымы Al Reef Mal-дағы сенім диалогі бағдарламасына қатысты.

Түрлі тілде дискуссия мен лекцияларды өткізе отырып, аталмыш бағдарлама өз алдына – Ислам жайында ғасырлардан сыр шертетін мәдени орталықтарды насихат етуді мақсат етті. Айта кету керек, БАӘ-де биылғы туристерден басқа да адамдар ислам дінін қабылдауда.

Ал, 2013 жылғы деректер құбылаға бет бұрған жандардың 2,115-ке жеткенін растауда. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,907 адамға артқанын көрсетіп отыр. 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы