Бразилиялық ғалымдар ана сүтінің адамдағы IQ деңгейін арттыратынын алға тартуда. Бұл туралы epochtimes.ru хабарлайды. Бұл жайында «Baq.kz» ақпараттық порталы хабарлады.

Бразилиядағы Пелотас қаласының зерттеушілері 30 жыл бойы 6 мың адам қатысқан тәжірибені жүргізіпті. 1982 жылдан бастап, ғалымдар олардың сәби шағынан бастап, 30 жасқа дейінгі өмірін талдаудан өткізген.

Ал 2012 жылы мамандар тәжірибеге қатысушыларды интервьюге шақырады. Барлығы 3500 адам сұхбат беруге келеді.

Келгендермен түрлі сынақтар өткізген ғалымдар ана сүтін ұзақ уақыт бойы ішкендер IQ-тестен жоғары нәтижелер көрсетіп, ұзағырақ оқып, неғұрлым жоғары табыс табатындығын анықтады. Анасын 1 жасқа дейін емгендер орташа табыстан шамамен 140 доллар артық тауып отырған. Ал олардың IQ деңгейі төрт пунктке жоғары шыққан.

Тәжірибе нәтижесін қорытындылау кезінде отбасы табысы, ата-ана гендері, адамның қандай жағдайда туылғаны және өзге факторлар есепке алынған жоқ.

«Жалпы бразилиялық әйелдер отбасының әл-ауқаты деңгейіне қарамастан, сәбилерін емізе береді. Ал бұл жәйт тәжірибе нәтижелерінің дәл болуына себін тигізеді», - дейді ғалымдар. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы