Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен ҚМДБ-ның делегациясы Сауд Арабиясына іс-сапармен барды. Делегация құрамында ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғилымбек Мажиев, Қажылық бөлімі меңгерушісі Қанат Бекжанов және Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов бар.

Сапар барысында Мекке, Мадина және Жиддә қалаларында Қажылық министрлігінің басқармалары және азаматтық әуе қатынастары басқармасы өкілдерімен кездесулер өтуде. Сапардың басты мақсаты аталған елдегі құзыретті мекемелермен келісімге отырып, қажылық мәселесіндегі өзара қарым-қатынастарды нығайту, отандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, биылғы 2015 жылға Қазақстанға қажылық квотасын бөлу мәселелерін келісу болатын. Алдағы күндері осы елдің тағы да бірнеше мекемелерімен кездесу жоспарлануда. 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы