Сауд Арабиясында мыңдаған некеге ниетті жұптар міндетті медициналық сараптама қорытындысынан кейін денсаулық сәйкессіздігіне байланысты неке қиюды тоқтатуға шешім қабылдауда.

Мәселен, өткен жылы 165 000 жұп неке алдында медициналық тексеріс қорытындысын алып, үйлену райларынан қайтқан. Басты себеп – генетикалық сәйкессіздік болып отыр.

Сауд Арабиясында бүгінде үйленуге ниет еткен адамдарға арналған міндетті медициналық сараптама іске қосылған. Бұл тексеріс екі жұптың некелесуіне құқық беретін медициналық анықтама қызметін атқарады.

Үйленуге бел байлаған жұп болашақ ұрпақ өміріне қауіпті аурулар тарамас үшін алдын ала СПИД және өзге де генетикалық ауытқулар бойынша анализ тапсырады. Әсіресе, жігіт пен қалыңдықтың бір-біріне туыстық қатынасы да жіті қадағаланады.

Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі доктор Мұхаммед ас-Саид медициналық сараптама қорытындысын қолына алған жұптардың 60 пайызы некеге тұру райларынан қайтып жатқанын айтады. Бұл туралы BBC News хабарлап отыр. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы