Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/10-07-2015_06-02-52
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/10-07-2015_06-02-52

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жұртшылыққа арнап Қызылорда облысының әкімі ауызашар берді. Бұл дәстүрлі дастарханға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өңірдегі өкілі Талғат Сейіткәрімұлы, облыстың имамдары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер, тұрмысы төмен отбасы мүшелері, елдің дамуы үшін әр салада еңбек етіп жүрген тұлғалар шақыртылған.{gallery}10-07-2015_06-02-52{/gallery}

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
- Рамазан айы - айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, жетім-жесірге қолдау көрсетіп, игі амалдарды еселеуге асығады. Биылғы жылы шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген Рамазан айының аптап ыстығына қарамастан оразаға ниет етушілер саны көп. Барлықтарыңыздың ізгі ниет-тілектеріңіз қабыл болсын, - деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар, ауызашарда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жиналған көпшілікті қасиеті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді, жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары туралы айтты.

30 күн ораза тәрбие мектебі. Ол адамдарды жақсылыққа бастап, мейірімділікке баулиды. Бір-біріне деген қамқорлығын арттырады. Соңғы жылдары күнделікті мешіттерде ауызашар беру дәстүрі қалыптасты. Қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылып жатыр.

Бұл ағайынның арасын жақындата түсетін, ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрімізге сіңген асыл дінді кеңінен насихаттауда игі шараға айналды. Ауызашар шарасында бес парыздың бірін орындап, ораза тұтқан жамағатқа уағыздар айтылды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы