Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/13-07-2015_07-13-20
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/13-07-2015_07-13-20

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық найб имамдар арасында «Құран оқу» сайысын ұйымдастырды.{gallery}13-07-2015_07-13-20{/gallery}

Құран оқу сайысына Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты мешіттерден барлығы 30-ға жуық талапкерлер қатысты.

Аталмыш сайысқа  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы,  осы мешіттің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар және  қари ұстаз Ғазизов Абдухалик  қазылық жасады.

Сайыста талапкерлер Алланың құранды мәнерлеп оқу, нақышына келтіріп жеткізе білу, дыбыстауда қателіктер жібермеу бойынша сынға алынды.

Нәтижесінде І орынды Арал ауданынан келген Мектеп Дастан, ІІ орынды Шиелі ауданынан Оспанов Нұрсұлтан, ІІІ орынды Тасбөгет кенті мешітінің найб имамы Уранов Ербол иеленді.

Сайыста үздік шығып жеңімпаз атанған найб имамдар мен талабын шыңдаған, белсене қатысқандарға арнайы бағалы сый-сияпаттар берілсе, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы