Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/28-08-2015_09-55-32
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/28-08-2015_09-55-32

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.  {gallery}28-08-2015_09-55-32{/gallery}
Аталмыш марапатты Талғат Сейіткәрімұлына Қызылорда облысы облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы салтанатты түрде табыс етті.
Талғат Сейіткәрімұлы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі ретінде аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын нығайтуда, халық арасында Ислам дінінің насихатталуына, рухани-танымдық шаралардың үздіксіз ұйымдастырылуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға атсалысып келеді.
Т.Омаровтың бастамасымен өңіріміздің дін саласында да, тың бастамалар мен тағылымды шаралар жүзеге асуда.
Үлгі боларлық бастамаларымен, игі еңбегімен көптің алғысына бөленіп, дінге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген Талғат қажы Сейіткәрімұлын мерекелік медалімен шын жүректен құттықтап, қызметіне береке, отбасына амандық тілейміз. 
Өз кезегінде Т.Омаров аймақ басшысына, қызметіне ризашылық білдірген өңір тұрғындарына алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы