ҚМДБ – ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қасиетті мейрам Құрбан айт қарсаңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатында  - Құрбан айт мерекесінің ерекшелігі, құрбан шалудың артықшылықтары мен шарттары, сонымен қатар аталмыш мейрам қарсаңында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ұйымдастырылатын шараларға кеңінен тоқталды.

Қасиетті Құрбан айттың жұртшылықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, рухани ьазалығымызға септігін тигізіп, ізгі ниеттер жүзеге асып, ренжіскендердің кешірім жасасатын күн екендігін де атап өтті.

Баспасөз маслихатына қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз тараптарынан болған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы