Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/05-10-2015_14-06-49
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/05-10-2015_14-06-49

Сыр өңірі тағы бір Алланың жердегі үйімен толықты. Қызылорда қаласы, «Ақмешіт» мөлтек ауданында  жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.{gallery}05-10-2015_14-06-49{/gallery}

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, Еңбек Ері Абзал Ералиев, Мүсірәлі баба атындағы қордың басшысы Сәмит Далдабаев және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы жобалық құны 210 млн. теңгені құрайтын 400 адамға арналған имандылық үйі «Абзал и К» толық серіктестігінің қолдауымен салынды.

Бас мердігер «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС мешіт құрылысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған болатын. Мешіт үлкен зал, әйелдер бөлмесі, дәрісханалар және бас имамның бөлмесімен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанаты барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы А.Ералиевке ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстап, қасиетті Құран кітабын сый етті.

Аталмыш мешітке  орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұстаздық қызмет еткен Берік Арын бас имам болып тағайындалды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі  



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы