Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/12-10-2015_06-34-46
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/12-10-2015_06-34-46

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ҚМДБ-ның басты құжаттарының бірі – Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасын насихаттау жұмыстарын жалғастырып келеді.{gallery}12-10-2015_06-34-46{/gallery}

Кезекті насихаттау Қызылорда облыстық медициналық орталығының қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылды.

Сала мамандарына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  Тұғырнама -  ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің бірнеше рет талқылауынан өткен тәлімдік құжат екендігін, теріс ағымдарға тойтарыс бере алатын, имани иммунитетімізді күшейтетін дәстүрлі бағдарымыз екендігін нақтылап түсіндірді.  

Өз кезегінде ақ халатты абзал жандар дәстүрлі Ислам дініне негізделген бірлік, еңбекке адалдық бағытында өз пікірлерімен бөлісіп, ойларында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

Медицина қызметкерлері тарапынан аталмыш бағыттағы кездесулер молынан ұйымдастырылса деген тілек, ниет жеткізілді.

Кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы