ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы облысымыздың Жаңақорған және Шиелі аудандарында Қызылорда облысының дін істері басқармасы және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен “Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі” атты екі форумға қатысты.

Форумның негізгі мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысындағы ел бірлігін сақтаудағы діннің маңыздылығын жеткізе отырып, қоғамдағы конфессияаралық тұрақтылықты онан әрі нығайту болып табылады.
Онда діни мазмұндағы бейне ролик көрсетіліп, «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім» тақырыбында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрхан Бұхарбайұлы және бірқатар мамандар сөз сөйледі.
Бас имам «Дін бірлігі – татулық негізі» атты тақырыбында діни тұрақтылық пен тәуелсіздігіміздің жемістері және діннің бірлікке шақыратын құран аяттары мен хадистеріне түсініктеме жасап, асыл дініміздің құндылықтарына тоқталып өтті.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы