Жаһанды жайлаған ауыр қасірет бұл – жасанды түсік жасату. Дін өкілдер де, медицина мамандары, зиялы қауым өкілдері де дабыл қағып бұл дерттің адамзат баласының түбіне жететін ауыр қасірет екенін айтуда. Дегенменен ойнап жүріп от басатын жастарымыз, ата-аналарына қателік жасағандарын айтуға баталмай осы дерттің құрсауына шырмалады.

   Осы орайда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы  Ақмешіт гуманитарлық - техникалық колледжінде «ХХІ ғасыр індеті – жасанды түсік жасату» тақырыбында студенттер арасында үлкен жиын болып өтті. Бұл жиынға «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат және ұстазы Сандыбаева Әсем,  гинеколог,  психолог мамандар қатысты.

   Бас имам: «Ислам дінінде себепсізден себепсіз дүниенің есігін ашқалы тұрған сәбидің өмірінде түрлі амалдар арқылы балта шабу үлкен күнә болып саналады. Бүгінгі таңда бұл мәселе өте қатты белең алып баражатқаны жасырын емес. Бүкіл ғұламалар жан біткеннен кейін баланы алдыру – харам екеніне талассыз келіскен. Ананың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана баланы алдыруға болады. Балаға жан төрт ай, он күн өткенде кіреді. Ал одан кейін алдыру адам өлтірумен тең»,- деп жасанды түсік жасатудың дінде харам екеніне тоқталды.

   Орталық мешіттің ұстазы Сандыбаева Әсем: «Дүниеге келген әр сәбидің өз ырзық, несібесі болады. Сол себепті баланы ырзық несібесінен қақпай, жасаған қателігі үшін шынайы тәубеге келіп, кешірімі мол Алладан жарылқау тілеу керек»,- деп өз ойымен бөлісті.

   Медецина мамандары да жасанды түсік жасатудың зияндылығы мен зардаптарын айтып, болашақта ана болу бақытына қол жеткізу мүмкіндігі аз екеніне тоқталды.

   Жиын соңында студенттерге бейне ролик көрсетіліп, студенттер келген қонақтарға сұрақ қойып, тұшымды жауаптар алды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

Баспасөз хатшысы

Ескендір Әсел



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы