ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде бүгін қала және аудан имамдары бас қосты. Жиын барысында өкіл имам Талғат Омаров: «Халыққа қызмет, Хаққа қызмет. Сол себепті Алла алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, әр біріміз дін үшін адал қызмет етіп, асыл дініміздің қанаттанып, өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек»,- деп дінге, халыққа қызмет етудің сауапты амал екенін айтты.

   Сонымен қатар бас қосу барысында имамдарға асыл дінімізді насихаттайтын «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын халыққа кеңінен айтып, жазлуға шақыру тапсырылды. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

Баспасөз хатшысы

ЕскендірӘсел




Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы