Қызылорда облыстық әкімшілктің және облыстық Дін Істері Басқармасының  бастамасымен «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, Фиқһ ғылымдарының докторы, профессор, Жуда Абдулғани Басюни, - Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің хадис және тәпсір  бөлімінің меңгерушісі, хадис ғылымдарының докторы Ахмед Режеп,        -Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ақида және философия бөлімінің меңгерушісі, ақида және философия докторы Мадих Абдулла Абдулжауад, - Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің докторы, Ахмед Али Хасан сынды ағаларымыз Сыр еліне іс-сапарға келді.

Облыс әкімшілігінде ауқымды жиналыс өтіп, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Египет Республикасының рухани өркендеуіне өзінің үлкен үлесін қосқан Сұлтан Бейбарыс атамыздың ерен ерлігі, дінге жанашырлығы жайлы тілге тиек етті.

Қызылорда облыстық Дін Істері Басқармасының басшысы Нұрхан Бұхарбайұлымен «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениетінің ректоры, Фиқһ ғылымдарының докторы, профессор, Жуда Абдулғани Басюни меморандумға қол қойды. Бұл меморандумның мақсаты: Нұр Мүбарак университетінің деңгейін әлемге әйгілі мың жылдық тарихы бар «Әл-Азһар» университетінің деңгейіне жеткізу үшін Қазақстанның әрбір облыс орталықтарында Араб тілі, фиқһ, ақида пәндерін оқытатын діни орталық ашу және «Әл-Азһар» университетінің докторларын аталмыш орталықтарда дәріс беруін қамтамамыз ету. Жоғарыдағы талаптарға екі жақ келісім беріп, меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық Дін Істері Басқармасының басшысы Нұрхан Бұхарбайұлы 2015 жылдың қаңтар айларында  аталмыш орталықтың ашылуына қамтамасыз ететінін айтты.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Жуда Абдулғани Басюни жиналған жамағатқа жұма уағызын мәнді де мағыналы, көңілге қонымды етіп айтты.

Қорқат Ата Университетінің «Студенттер сарайында» аталмыш профессор, докторлардың және қала тұрғындарының қатысумен  «Дәстүрлі ислам – бейбітшілік кепілі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде қала, аудан, ауыл имам молдаларымен мешіт жамағаттарына семинар-тренинг өтті. Мешіт жамағаттарының көкейтесесті сұрақтарына әр маман иесі аталмыш сұрақтарға,мәнді , тұшымды етіп жауап берді. 

Қызылорда облыстық орталық

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы