ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен орталық мешітте қала имамдарына семинар басталды. Білімдерін жетілдіру мақсатында дәрістер өтілуде.

Сондай-ақ, бүгінде кей үйлер ас берерде молдалық етіп, Құран оқи білетіндерді шақырып жататыны белгілі. Алайда сондай отырыстарда отырып қалып, кей молдалардың оқыған Құран аяттарын көріп жаға ұстарлық жайттар да кездеседі. Осы жайттарды ескере отырып әрбір мешіттер тарапынан имам жетіспегенде барып отыратын және мешітке қатысы жоқ, бірақ сондай астарда Құран оқып жүретін молдалардың бастарын қосып, орталық мешітте Тәжікстаннан келіп Рамазан айында тарауихта хатым өткізген АбдуХолиқ сынды білікті қари Құранды дұрыс әрі мәнерлеп оқудан дәріс өткізуде.

Аталмыш дәріс әр айдың екі аптасында үш-үш күннен тұрақты түрде жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Нәтижесінде Алла аяттарының астарда, басқа жерлерде дұрыс оқылуына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз. Алдағы уақытта «Алла аяттарын аялап оқы!» - атты арнайы акциялық дәрістер ұйымдастырып, жаппай халықты хабардар етіп, мешітке келіп Құран білмейтіндерге дұрыс Құран оқуды, білетіндердің қателерін түзетіп, Алла сөзінің қадір-қасиеттерін түсіндіріп жаппай халыққа семинар ұйымдастыру жоспарлануда. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің

баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы