«Ілім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз.», «Бесіктен мазарға дейін ілім үйренуге тырысыңдар!»деген хадистерді ескерер болсақ, шәкірттердің барынша діни ілім алуға тырысуы қуантарлық жағдай.

Себебі, білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. 

Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы!» әмірімен басталғаны да белгілі.

Осы бағытта өңіріміздегі барлық мешіттерде тұрақты түрде сабақтар жүргізіледі.

 Қызылорда қалалық «Ыбырайым» мешітінде бір топ шәкірттер күнделікті, Құран,  Ақида және Фиқһ мәселелері бойынша дәрістер алуда.

«Ыбырайым» мешітінің ұстазы О.Әлімбаев шәкірттерге Құраннан сабақ жүргізсе, мешіттің найб имамы Т.Нұрман Ақида және Фиқһ мәселесін оқытуда.

Алдағы уақытта аталмыш шәкірттер өңіріміздің діни білім беретін медресе, институттарында білімін жалғастыруға ниеттенуде.

 

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы