Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/26-05-2015_08-59-35
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/26-05-2015_08-59-35

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаттарға және Сыр имамдарына арналған ауқымды семинарлар өткізілді.{gallery}26-05-2015_08-59-35{/gallery}

 Атақты дінтанушы, теолог «Әл-Азхар» университетінің түлегі Мәлік Төлеубай  қала және аудан имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында өңірімізде іс-сапармен болып, мешіт қызметкерлерінің қызметі турасында біршама кездесулер өткізіп, дәрістер оқыды.

 Сонымен қатар, қаламыздағы бірнеше мешіттерде болып мешіт жамағаттарына уағыз-насихат айтып, оларды толғандырған сұрақтарына жауаптар берді.

 Жалпы, әйел адамның исламдағы орны, діни қызметтің маңыздылығы, имамның тұлғасы, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары бағытында тың ақпараттар мен ойлы деректер жеткізген М.Төлеубайға Сыр жұртшылығының алғысы шексіз болды.

 Мұндай имамдардың білімін жетілдіру семинарлары мен жамағаттың діни сауатын арттыру шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады. 

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

баспасөз қызметі