Мешіт туралы

БАСТЫ МӘЛІМЕТТЕР Written by  Сейсенбі, 14 Сәуір 2015 06:31 font size decrease font size increase font size Add new comment
Рейтинг
(0 )

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің сипаттамасы

Қызылорда қаласының оңтүстік Жібек жолы көшесі мен Мостовая көшесінің қиылысында жеті күмбезді, сәулетті әсем ғимарат көпшіліктің назарына еріксіз түсетін жаңа мешіт орналасқан. Бұл жаңа мешіт 2008 жылдың қыркүйек айының соңында, яғни рамазан айының Айт мерекесі күні ашылды.
Осындай Сыр елінде 2000 адамды қабылдай алатын сәулетті үлгідегі мешіт нысанының тұрғызылуына демеушілік жасаған Өтемұратовтар әулеті және мешіт құрылысын сапалы да әсем болып салынуына Алматылық «Күмбез» ЖШС жоба жасаса, «Глобал Девелопмент» компаниясы тапсырыс беріп, бас мердігер жергілікті Альянс ЖШС мен көркемдік безендіру жұмыстарын «ҚаПРОЛТД» ЖШС-і және жеке кәсіпкер М.Байбосынов қызмет жасады.
Мешіттің кең ауласы көгалдандырылып, жамағаттың дем алып отыруына қолайлы орындықтар қойылған және де ауланың жүретін аралықтарына тас плиталар төселген. Мешіттің жалпы жер көлемі 5,257 га құрайды.
Мешіт ғимаратының сыртқы келбетіндегі мұнаралар мен күмбездерін (орталық күмбезі-25 метр, алдыңғы 2 мұнараларының биіктігі-37 метр, қалған 2 мұнарасы -22 метр)

Қай кезде де сәулетті ғимараттар озық өркениет пен ілім-білімнің бастауын айғақтайтын болған. Жеті күмбезі мен мұндалап, барша жұртты имандылыққа бастап тұратындай. Оның басындағы айшықтары алтыннан құйылыпты. Күмбезін Қоқаннан келген шебер Шәміл Асатбаев жасады. 6 қаусырмалы, 3 сыңар есік Қоқандағы жүз жылдық қара ағаштан қашалған. Мешіттің сыртқы қабырғалары қою жасыл түсті гранит тастармен көмкерілген. Намазжай залына Ираннан алдырған жасыл түсті кілем төселген және де Қытайдан алдырған 360 шамы бар әсем де үлкен хрусталь люстра орнатылған. Имандылық үйінің ішкі қабырғаларындағы өрнектер Құран сүрелері мен аяттары. Мұнарасының биігі-37 метр. Мұнда алты медресе сыныбы, төрт намаз оқитын орын, әйелдер мінажат ететін бөлек бөлме де қарастырылған. Сонымен қоса 60 адамға арналған салт-дәстүр бөлмесі бар. Бұл бөлмеде де 200 шамды үлкен хрусталь люстра орнатылған. Салт-дәстүр залында аты айтып тұрғандай неке қию, баланы сүндетке отырғызу рәсімдері орындалады. Сондай-ақ 23 оқушыға арналған 6 сыныбы бар. Мұнда оқушылар діни білім алады. Сонымен қатар 300 адамға әйелдер намазжайы да бар. Бұл намазжай бөлек орналасқан. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен салынған әрқайсысы 50-ден аса адамға арналған ерлер мен әйелдер дәретханасы бар.

Мешіттің тағы бір ерекшелігі 200 адмаға лайықталған жамағаттың ата-бабаларына Құран бағыштап ас беруге арналған асханасы қарастырылған.
Қорыта айтқанда жаңа мешітте барлық жағдай жасалған және де заман талаптарына сай келеді.

 

1844 рет оқылды Last modified on Сейсенбі, 14 Сәуір 2015 06:33
Aqmeshit

Donec pulvinar, ligula sed volutpat rutrum, risus purus ullamcorper massa, at tristique risus nisi quis est. Suspendisse pharetra sagittis leo eget tincidunt? Maecenas ut consequat massa

Website: www.smartaddons.com/

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы