БАСТЫ МӘЛІМЕТТЕР

БАСТЫ МӘЛІМЕТТЕР 25

Аллаһ тағала тарапынан адам баласына берілген нығметтері шексіз. Соның бірі - хош иіс. Көзге көрінбейтін, әдемі иісі мұрныңды жаратын хош иісті Жаратушының ең керемет жаратылысы дерсің. Адам өмірінде әдемі иістің алар орны ерекше. Хош иіс – ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті.

Миск («муксус, аттар (араб)» - әтір) – әдемі, хош иіс деген мағынаны береді. Мисктің қазіргі кезде құрғақ, сұйық түрлері бар. Себуге ыңғайлы етіп шығарылған сепкіш (спрей) түрінде де кездеседі. Құрғақ мискті роза, жасмин, нарцис және т.б. гүлдерден жасайды. Миск жасауда Құран мен хадистерде кездесетін янтар майы, сандал, ладан, мирр, фиалка, жасмин, муксус, иууд, хна секілді өсімдіктердің шикізаттары қолданылады. Құрғақ әтірді Таяу шығыс елдерінде  денеге жағуға, әрі үйдің ішін хош иістендіруге қолданады.

  

Жағымсыз иісті қандай жан болмасын ұнатпасы белгілі. Ал, әдемі иістен кез-келген жанның бас тартпайтыны анық. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) да хош иісті заттарды ұнататын. Әнәс ибн Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы ізгі қасиеті жайында былай дейді: « Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ешуақытта өзіне ұсынылған хош иісті әтірден бас тартпайтын еді» (Бұхари, «һибә» 9). Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір адамға райхан (хош иіс) сыйлаған кезде оны кері қайтармасын. Өйткені ол – жәннаттан келген» (Тирмизи), - деу арқылы ұсынылған хош иістен бас тартпауды айтса, тағы бірде: «Біреу әдемі иіс ұсынса бас тартпасын. Ол жеңіл, әрі жағымды болады», - деген.

Расулуллаһтың (с.а.у.) мүбәрак денесінен үнемі керемет иіс аңқып тұратын. Тіпті терлегенде одан да күшейіп, айналаны әдемі хош иіске бөлейтін. Әнәс (р.а): "Мен Пайғамбардың (с.ғ.с) алақанынан жұмсақ жібек, не шәйі (матаны) ұстап көрген емеспін және Оның (с.а.у.) иісінен жағымды иіс иіскеген емеспін", - деген. Біреумен қол беріп амандасқанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алақанының иісі бірнеше күнге дейін әлгі адамның қолында сақталып қалатын. Қандай да бір баланың басынан сипаса  Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) алақанының иісі әлгі балада біразға дейін сақталып, өзге қатарластарынан ерекшеленіп тұратын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) әтір мен хош иісті өте жақсы көрген. Кейде Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) басқа заттардан гөрі, әтірге көп қаражат жұмсағаны айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде былай дейді:

«Сендердің дүниелеріңнен маған үш нәрсе сүйкімді етілді: хош иісті сулар, жақсы әйел, әсіресе намаз көзімнің қарасындай болды». Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонымен қатар хош иісті жанды ең жақын досына теңейді. Осы жайында: «Жақсы дос хош иісті шөпке ұқсайды. Хош иісінен саған бермесе де, оның  біразы саған жұғады» (Бұхари, 3), - деген. Тағы бір хадисінде  жақсы адамдармен араласу барлық жағдайда игілік пен пайда әкелетінін түсіндіре келе, оны хош иісті мискке теңей отырып, былай дейді: «Жақсы дос миск сатушыға ұқсайды, одан сыйлық ретінде әтірін сатып алу арқылы пайда табады: Тым болмағанда, онымен бірге отырған кезіңде мисктің жұпар иісі жаныңа жағымды сезім сыйлайды»,– деп өсиет айтады. Ал,  тағы бір хадисінде былай дейді:

«Жақсы адам мен жаман адамның айырмашылығы миск сатушы мен темір соғушыға (көрікші) ұқсайды. Миск сатушы саған жақсы иіс сыйлайды, не өзің сатып аласың немесе оның хош иісінен иіскеп қайтасың. Темірші болса сенің киіміңді күйдіреді, не  жағымсыз иіс шығарады».

Жоғарыда хош иісті әтір жағу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті екенін айттық. Алайда, әдемі иіс жағу Расуллуллаһқа (с.а.у.) ғана емес, барлық пайғамбарларға тән екендігін келесі хадисінен көруге болады: «Әтір жағу - барлық пайғамбарларға тән сүннет»."Төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннеттерінен: ұят, әтір иіс қолдану, мисуак (тіс тазалығы) және неке (үйлену)" (Тирмизи). Сондықтан да болса керек Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үй ішін әсем өсімдіктермен иістендіріңдер», - деп ескертеді. Осындай кереметтей сүннетті орындау – адамды сауапқа кенелтіп, жәннатқа жетелейтіні сөзсіз. 

Ал, енді Пайғамбарымыз (с.а.у.) мисктің иісінен де керемет нәрсе барын айтады. Ол жайында былай дейді: «Пенденің жақсы жолдастан табатын игілігі мисктің жұпарынан әлдеқайда артық. Өйткені ол дініңе және дүние тіршілігіне пайдасы тиетін нәрсені үйретуі, адал кеңес беруі, зиян-зардаптан сақтандыруы, Аллаһқа бойұсынуға, ата-анаға жақсылық жасауға, туыстарымен ара-қатынасты үзбеуге үндеуі, кемшіліктеріңді көрсетіп, түзетуі, сөйтіп сөзімен, ісімен не жүріс-тұрысымен көркем мінез-құлықтарға үгіттеуі мүмкін. Адам баласы жолдасынан және сұхбаттастарынан үлгі-өнеге алуға бейім келеді, олардың табиғаттары мен жандүниелері біріккен жасақ тәрізді, бір-бірін жақсылыққа не жамандыққа бастайды».

Қазіргі кезде құрамына спирт қосылған әтірлер сәнге айналғанымен, мұсылмандар арасында әдемі иісі бар гүлдерден, шөптерден жасалған спиртсіз майдың алар орны ерекше. Бір-біріне сыйлық ретінде беруге де таптырмас дүние. Бағзы заманда мұсылмандар мисктің құрғақ түрін сыйға тартуды әдетке айналдырған көрінеді. Сол үрдіс әлі жалғасын тауып келеді. Әсіресе, айт күндері, жұма күндері намазға әдемі иіс сеуіп баруды, бір-біріне сыйлауды күллі мұсылман баласы күні бүгінге дейін жалғастырып келеді.


«Миск ата» жайлы хикая

Ертеде құлшылыққа аса ыждаһатты, жақсылық жасауға жаны құмар бір тақуа жігіт өмір сүріпті. Күндердің күнінде әлгі мүміннен көрші үйде тұратын жалғызбасты әйел үй жұмыстарына көмектесуін өтінеді. Кімнің болса да сөзін жерге тастамайтын  ақкөңіл жан көршісінің үйіне шақырған бойда кіріп барады. Алайда, әлгі әйелдің көмекке мұқтаж екендігі сезіле қоймайды. Сонда әйел: «Сені менімен бірге болуға шақырған едім», - дейді беті бүлк етпестен.

«Мен Аллаһтан қорқамын. Айтқаныңызға келісе алмаймын», - дейді де артқа қарай енді шегіне бергенінде әйел: «Егер де менің ауламнан бір қадам аттап бассаң, бар дауысыммен айқайлап, мені зорлады деп жала жабамын», - дейді. Тақуа жігіт амалсыздан келіскен болып, дәретханаға барып келуге рұқсат сұрайды. Рұқсатын ала сала дәретханаға барады да, ондағы барды үстіне жағып, әйелдің қасына жетіп келеді. Мұны көрген әйел жиіркеніп: «Кет! Кет ары!», - деп жанына жолатпайды. Иманды жанға керегі де сол еді. Жымиып қана есіктен шығып кетеді. Жігіттің мұндай күнәлі істен қашып, тапқан амалына Аллаһ тағала разы болып, оны ерекше хош иісті адамға айналдырған көрінеді. Содан бері әлгі кісі ел арасында «Миск ата» деп аталып кеткен екен.


 Нұрқанат НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

 

 

Жаратушы Хақ Тағалаға серік қосу күнәлардың ішіндегі ең бір сорақысы, нақұрысы, ең қауіптісі. Өйткені оны істеген пенде шынайылықты мойындамай, анық ақиқатқа қарсы келеді. Күнәның ең тұрпайы түрін жасайды. Ұлы Алланың ұлы хағын көпе-көрнеу жоққа шығарып, аяқ асты етеді. Сондықтан да Құран Кәрім серік қосуды өте жағымсыз суретте көрсеткен. Алла Тағала былай дейді:

﴿وَمَن يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاء فَتَخْطَفُهُ الطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ الرِّيحُ فِي مَكَانٍ سَحِيقٍ﴾

«Ал Аллаға серік қосса, ол құдды аспаннан құлап, оны құс қағып әкетіп немесе оны жел ұзақ жаққа ұшырып әкеткендей» (Хаж, 31);

﴿لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا فَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ﴾ 

«Егер ол екеуінде (көк пен жерде) Алладан басқа құдайлар болғанда ол екеуі бұзылып кетер еді. Аршының иесі Алла олардың сипаттағандарынан пәк»(Әнбия, 22);

﴿مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِن وَلَدٍ وَمَا كَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَهٍ إِذاً لَّذَهَبَ كُلُّ إِلَهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ﴾ 

«Алла еш бала да иемденбеді әрі Онымен бірге басқа құдай да жоқ. Олай болғанда әрбір құдай өзінің жаратқанымен бірге кетіп, бірі бірінен үстем болар еді. Алла олардың сипаттағандарынан пәк» (Мүминун, 91).

Осы секілді ардақты аяттармен бірге шарапатты хадистерде де Құдай Тағалаға серік қосудың аса қауіпті қылмыс, ең үлкен күнә екендігі, зардабының тілмен айтып жеткізе алмайтындай зор екендігі айқындалады.

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرَةَ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَلاَ أُنَبِّئُكُمْ بِأَكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟ ثَلاَثاً، قَالُواْ: بَلَى يَا رَسُولَ اللهِ، قَالَ: اَلإِشْرَاكُ بِاللهِ وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ، وَجَلَسَ وَكَانَ مُتَّكِئاً فَقَالَ: أَلاَ وَقَوْلُ الزُّورِ، قَالَ: فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) үш рет: «Үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба?» – деді. Сахабалар (р.а.): «Иә, Алланың елшісі», – десті. Сонда Ол (с.а.с.): «Аллаға серік қосу, ата-ананы сыйламау», – деді. Сосын ол жантайып жатыр еді, орнынан тұрып отырды да: «Сосын жалған сөйлеу!» – деп қайталағаны соншалықты біз «қашан тоқтатар екен» деп ойладық. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Аллаға серік қосып, тәубе жасамай дүниеден өтіп кеткен жанның жазасы – тозақ отында мәңгілік қалу. Одан ешқашан да шыға алмайды және Алла Тағала оны ешқашан кешірмейді, қандай ізгі іс істеген болса да қабыл етпейді. Алла Тағала Құран Кәрімде мынадай кесімді үкім айтқан:

﴿إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْماً عَظِيماً﴾

«Алла Өзіне серік қосуды кешірмейді, ал одан басқаны қалағанына кешіреді»(Ниса, 48);

﴿إِنَّهُ مَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللّهُ عَلَيهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنصَارٍ

«Расында кім Аллаға серік қосса, Алла оған жәннатты харам етеді әрі оның орны тозақ. Залымдар үшін еш жәрдемші жоқ» (Мәида, 72).

Серік қосу мен күпірліктің ең бір азғын түрі даңқты әрі ұлық Алланың Өзін мойындамау, Оның бар екендігін жоққа шығару. Бұл барлық діни-рухани, асыл құндылықтарды түгелдей қиратумен тең. Сондай-ақ бұрын-соңды көктен түскен құдайлық шариғаттардың шегінен шығу. Құдайдың барлығын мойындамайтын атеистік азғын идеология бүкіл адамзат үшін үлкен қасірет.

Күпірліктің бұл түрі адамзат тарихының кейінгі кезеңдерінде пайда болған тосын құбылыс. Ол қазіргі заман ғасырларының жемісі. Мұндай кертартпа пікірді құндылық атаулын қиратқыш, қасақы қайраткерлер ойлап тауып, заманауи ғылымдардың дамуының өзегі етіп бекіткен. Олар күллі адамзаттың арасында ешқандай шектеумен шектелмейтін, ешбір тәртіпке бағынбайтын жүгенсіз азғындықтың жайылуын қалайды. Қасиетті Құран Кәрімде ондайлар туралы былай делінген:

﴿أَرَأَيْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَهَهُ هَوَاهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلاً * أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ إِنْ هُمْ إِلَّا كَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلاً﴾

«Әуейілігін құдай етіп алғанды көрмедің бе? Сен сонда соған өкіл боласың ба? Әлде олардың көпшілігі естіп немесе ақылға келеді деп есептейсің бе? Олар бар болғаны хайуан сияқты. Бәлкім, олар жолдан ең қатты адасқандар» (Фұрқан, 43,44), – деген.

 

Алла Тағаланың барлығы туралы сенім бүкіл болмыстың темірқазығы. Бұл сенім әу баста адамның жаратылысына, санасының түкпіріне жасырылған жаратылыстық белгі, ақиқат ақпарат. Алайда атеистер сол ақиқаттан адасып, ақылдарын тас қараңғы етіп тұмшалап, бастарын құмға тығады. Ұлы Жаратушының барлығына бағыт беретін жер мен көктегі ап-анық белгілерді, айқын айғақтарды көрмеу үшін көздерін де тас қып жұмып алады.

Құран Кәрімде серік қосушылардың, иман келтірмей, күпірге кіргендердің бейне-көріністері жеккөрінішті кейіпте суреттелген. Сондай күпірлік пен серік қосудан айрылмай, ақылдарына ерік бермегендерге Алла қарғыс айтып, олардың құлақтарын керең, көкірек көздерін көр етеді. Алла Тағала былай дейді:

﴿أُوْلَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ﴾ 

«Әне, солар – Алла лағынет айтқандар. Ол олардың құлақтарын керең, жанарларын көр қылды» (Мұхаммед, 23).

Мұнда адамдардың маңдайларындағы кәдуілгі көз жанарлары соқыр болмайды, көкіректеріндегі жүрек көздері көр болады. Хақ Тағала былай дейді:

﴿فَإِنَّهَا لَا تَعْمَى الْأَبْصَارُ وَلَكِن تَعْمَى الْقُلُوبُ الَّتِي فِي الصُّدُورِ﴾ 

«Шындығында жанарлар соқыр болмайды, бәлки, кеуделердегі жүректер соқыр болады» (Хаж, 46).

Алла Тағала бізді осы бір сұмпайы қылмыс серік қосудан аман етіп, Өз қамқорлығының шеңберінен шығармасын. Күпір-күнәлардың күллісінен аман етсін. Бұхар жырауша айтсақ:

Бірінші тілек тілеңіз –

Бір Аллаға жазбасқа!

Күпір-күнәға батып бір Алланың ашу-қаһарына қалудан үлкен сорлылық бар ма?! Сондай жағдайдан сақтасын! Өзі разы болған құлдарының қатарында қылсын!

Жаратушы Хақ Тағалаға серік қосу күнәлардың ішіндегі ең бір сорақысы, нақұрысы, ең қауіптісі. Өйткені оны істеген пенде шынайылықты мойындамай, анық ақиқатқа қарсы келеді. Күнәның ең тұрпайы түрін жасайды. Ұлы Алланың ұлы хағын көпе-көрнеу жоққа шығарып, аяқ асты етеді. Сондықтан да Құран Кәрім серік қосуды өте жағымсыз суретте көрсеткен. Алла Тағала былай дейді:

﴿وَمَن يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ السَّمَاء فَتَخْطَفُهُ الطَّيْرُ أَوْ تَهْوِي بِهِ الرِّيحُ فِي مَكَانٍ سَحِيقٍ﴾

«Ал Аллаға серік қосса, ол құдды аспаннан құлап, оны құс қағып әкетіп немесе оны жел ұзақ жаққа ұшырып әкеткендей» (Хаж, 31);

﴿لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا فَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ﴾ 

«Егер ол екеуінде (көк пен жерде) Алладан басқа құдайлар болғанда ол екеуі бұзылып кетер еді. Аршының иесі Алла олардың сипаттағандарынан пәк»(Әнбия, 22);

﴿مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِن وَلَدٍ وَمَا كَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَهٍ إِذاً لَّذَهَبَ كُلُّ إِلَهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ﴾ 

«Алла еш бала да иемденбеді әрі Онымен бірге басқа құдай да жоқ. Олай болғанда әрбір құдай өзінің жаратқанымен бірге кетіп, бірі бірінен үстем болар еді. Алла олардың сипаттағандарынан пәк» (Мүминун, 91).

Осы секілді ардақты аяттармен бірге шарапатты хадистерде де Құдай Тағалаға серік қосудың аса қауіпті қылмыс, ең үлкен күнә екендігі, зардабының тілмен айтып жеткізе алмайтындай зор екендігі айқындалады.

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرَةَ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَلاَ أُنَبِّئُكُمْ بِأَكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟ ثَلاَثاً، قَالُواْ: بَلَى يَا رَسُولَ اللهِ، قَالَ: اَلإِشْرَاكُ بِاللهِ وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ، وَجَلَسَ وَكَانَ مُتَّكِئاً فَقَالَ: أَلاَ وَقَوْلُ الزُّورِ، قَالَ: فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) үш рет: «Үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба?» – деді. Сахабалар (р.а.): «Иә, Алланың елшісі», – десті. Сонда Ол (с.а.с.): «Аллаға серік қосу, ата-ананы сыйламау», – деді. Сосын ол жантайып жатыр еді, орнынан тұрып отырды да: «Сосын жалған сөйлеу!» – деп қайталағаны соншалықты біз «қашан тоқтатар екен» деп ойладық. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Аллаға серік қосып, тәубе жасамай дүниеден өтіп кеткен жанның жазасы – тозақ отында мәңгілік қалу. Одан ешқашан да шыға алмайды және Алла Тағала оны ешқашан кешірмейді, қандай ізгі іс істеген болса да қабыл етпейді. Алла Тағала Құран Кәрімде мынадай кесімді үкім айтқан:

﴿إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْماً عَظِيماً﴾

«Алла Өзіне серік қосуды кешірмейді, ал одан басқаны қалағанына кешіреді»(Ниса, 48);

﴿إِنَّهُ مَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللّهُ عَلَيهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنصَارٍ

«Расында кім Аллаға серік қосса, Алла оған жәннатты харам етеді әрі оның орны тозақ. Залымдар үшін еш жәрдемші жоқ» (Мәида, 72).

Серік қосу мен күпірліктің ең бір азғын түрі даңқты әрі ұлық Алланың Өзін мойындамау, Оның бар екендігін жоққа шығару. Бұл барлық діни-рухани, асыл құндылықтарды түгелдей қиратумен тең. Сондай-ақ бұрын-соңды көктен түскен құдайлық шариғаттардың шегінен шығу. Құдайдың барлығын мойындамайтын атеистік азғын идеология бүкіл адамзат үшін үлкен қасірет.

Күпірліктің бұл түрі адамзат тарихының кейінгі кезеңдерінде пайда болған тосын құбылыс. Ол қазіргі заман ғасырларының жемісі. Мұндай кертартпа пікірді құндылық атаулын қиратқыш, қасақы қайраткерлер ойлап тауып, заманауи ғылымдардың дамуының өзегі етіп бекіткен. Олар күллі адамзаттың арасында ешқандай шектеумен шектелмейтін, ешбір тәртіпке бағынбайтын жүгенсіз азғындықтың жайылуын қалайды. Қасиетті Құран Кәрімде ондайлар туралы былай делінген:

﴿أَرَأَيْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَهَهُ هَوَاهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلاً * أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ إِنْ هُمْ إِلَّا كَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلاً﴾

«Әуейілігін құдай етіп алғанды көрмедің бе? Сен сонда соған өкіл боласың ба? Әлде олардың көпшілігі естіп немесе ақылға келеді деп есептейсің бе? Олар бар болғаны хайуан сияқты. Бәлкім, олар жолдан ең қатты адасқандар» (Фұрқан, 43,44), – деген.

 

Алла Тағаланың барлығы туралы сенім бүкіл болмыстың темірқазығы. Бұл сенім әу баста адамның жаратылысына, санасының түкпіріне жасырылған жаратылыстық белгі, ақиқат ақпарат. Алайда атеистер сол ақиқаттан адасып, ақылдарын тас қараңғы етіп тұмшалап, бастарын құмға тығады. Ұлы Жаратушының барлығына бағыт беретін жер мен көктегі ап-анық белгілерді, айқын айғақтарды көрмеу үшін көздерін де тас қып жұмып алады.

Құран Кәрімде серік қосушылардың, иман келтірмей, күпірге кіргендердің бейне-көріністері жеккөрінішті кейіпте суреттелген. Сондай күпірлік пен серік қосудан айрылмай, ақылдарына ерік бермегендерге Алла қарғыс айтып, олардың құлақтарын керең, көкірек көздерін көр етеді. Алла Тағала былай дейді:

﴿أُوْلَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ﴾ 

«Әне, солар – Алла лағынет айтқандар. Ол олардың құлақтарын керең, жанарларын көр қылды» (Мұхаммед, 23).

Мұнда адамдардың маңдайларындағы кәдуілгі көз жанарлары соқыр болмайды, көкіректеріндегі жүрек көздері көр болады. Хақ Тағала былай дейді:

﴿فَإِنَّهَا لَا تَعْمَى الْأَبْصَارُ وَلَكِن تَعْمَى الْقُلُوبُ الَّتِي فِي الصُّدُورِ﴾ 

«Шындығында жанарлар соқыр болмайды, бәлки, кеуделердегі жүректер соқыр болады» (Хаж, 46).

Алла Тағала бізді осы бір сұмпайы қылмыс серік қосудан аман етіп, Өз қамқорлығының шеңберінен шығармасын. Күпір-күнәлардың күллісінен аман етсін. Бұхар жырауша айтсақ:

Бірінші тілек тілеңіз –

Бір Аллаға жазбасқа!

Күпір-күнәға батып бір Алланың ашу-қаһарына қалудан үлкен сорлылық бар ма?! Сондай жағдайдан сақтасын! Өзі разы болған құлдарының қатарында қылсын!


Хәкім АБАЙДЫҢ жерінде

Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2016 12:41 Written by

«Ары-бері өткен мұсылман дұға жасамай өтпесін»

Қасиетті Абай топырағына жақын қалдық... Жүрек лүп-лүп етеді. Бұл жерге менен сәл ғана бұрын келіп кеткен әріптесім Бағашар айтпақшы: «Абай басқан жерді көргенде мұндаймыз. Ертең Пайғамбардың табаны тиген топырақты көрсек не болар екенбіз?!»

Абай туралы аз жазылмады, аз айтылмады. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» деген Мұхтар Әуезов айтқан сөзді басшылыққа алып, талай жас Абай тереңіне сүңгуге талаптанып көрді. Бүгінде олардың көбі қария... Біз де сол Абай әлеміне шырақ алып, еніп көрмекке жиі ұмтылудамыз. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым», - дейді данышпан туралы төрт том жазып, оны әлемге әйгілі еткен жазушы Әуезов. Ал біздікі, ең болмағанда Абай мұхитынан бір ғана тамшы бұйырар ма екен деген есекдәме. Ақынның Жидейбайын көру бұрыннан арманым еді. Соның сәті биыл түскен екен, Семейге, одан ары Қарауылға жол тарттым. Алдымен ат басын Абайдың өзі жатқан кесенеге қарай бұрдық. Ақын сүйікті інісі Оспанның жанына жерленген. «Аусар, аңғал, көңілі сүйген кісіге көл болып төге салатын, көңілі сүймеген адамды үйінен сүйреп тастайтын» сүйенішіне айналған ерке інісінің ажалы Абайдың қабырғасын қайыстырып-ақ жіберген деседі көзкөргендер. Сол інісінің басына Абай өз қолымен тас орнатып, оған араб қарпімен: «Олай-бұлай өткен мұсылман дұға жасамай өтпесін» деген жолдарды ойып жаздырыпты. Бұл тас қазіргі күні Оспанның басында емес, Абай мұражайында тұрса да, ақынның кейінгіге айтқан өсиеті сол ғой деп, Құран бағыштап, дұға оқыдық. 

Абай мен Шәкәрім жатқан жерді зиярат еткеннен кейінгі аялдама ақынның әжесі Зере, анасы Ұлжан, ағасы Құдайберді жатқан қорым болды. Зере әженің бауырында өскен Абай, осы бір алып анаға қаншалық қарыздар десеңізші. Ал өз анасы Қаракесек ішіндегі Бертіс тұқымынан тарайтын Ұлжанның тегінде бар тауып айтқыштық қасиет Абайға да жұққан екен. Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған ағасы Құдайберді жастай аурудан қайтыс болған. «Қайғы жас жүрекке қатты батады екен. Бәкемнің өліміндей қатты батқан өлімді көрмедім» деген осы ағасының рухы екі ананың жанында тыныштық тауыпты.

 

 

Абай тұрған үйде болдық

Енді Абайдың мұражайына қарай жақындадық. Бұл хакімнің өмірінің соңына қарай өз қолымен салдырған, өзі тұрған қыстауы екен. Кезінде Кеңес үкіметінің кеңсесіне айналса да, кейіннен ақынның өзіне мұражайы боп қайтыпты. Мұражайдың құрылғанына 70 жылдан астам уақыт өткен. Орта есеппен жылына 20 мыңнан астам адам келеді дейді қызметкерлері. Біз барғанда да, кісі аяғы үзілмей, жұрт келіп-кетіп жатты. Мұражай сыртында ақынның алыс жерлерге бару үшін қолданған атқа жегілетін арбасы тұр. Есіме ұлы Тұрағұлдың: «Жасында атқа болдырмайтын жүргіш болыпты, мен есімді білгенде алысырақ жерге арба жегіп, 30-40 шақырымдық жерге салт атпен жүруші еді» деген естелігі түсті. Сондағы арбасы осы болса керек деп ойладым.

«Бісміллә» деп үйіне ендік. ХІХ ғасырдың соңында іргесі қаланған шаңырақ қой, едендері сықыр-сықыр етеді. Хакімнің шежіресінен басталған таныстыру ары қарай жалғасып жатты. Мұражайда Абайдың әртүрлі суретшілер әр кезде салған суреттері ілініпті. Шын Абайға ұқсай ма екен дегендей, анасына бір, мынасына бір үңілемін. Тіліме еріксіз Жамбыл ақынның:

Мынау тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне?
Ақын атын таратқан әрбір нұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын-Найман сөзіне таңырқаған,
Қандай арман бар дейсің бұл туыста,

– деген жолдары орала берді. Мұражай қызметкері: «Абай мына жерде отырып, өлең жазған болуы керек» деген тұсқа ерекше назар аударыңқырап қарадым. Баласы Тұрағұл 1889 жылы әке жанында алты ай болғанын еске алып, оның үйдегі өлең жазар алдындағы жағдайын былайша суреттеуші еді ғой: «Таңертеңнен кешке шейін көбінесе орыстың кітабын оқиды да, ара-тұра жастықты бауырына басып, алдында ақ қағазы, өлең жазып тастайды, сол өлең жазардағы түрі: бір мұсаға мінген кісідей өңі қашыңқырап, азырақ ентіккен кісідей танауы кебіңкіреп, көзі жасаураңқырайды, естір-естілместей қып күңіренгеннің ішінде күбірлеңкіреп кеп, жазып кеп кеткенде көп тоқталып ойлана бермейді де, қайта сызып түзетпейді де. Өлеңнің тығыны суырылып кеткенге ұқсайды». Міне, енді мен де сол Абайдың бізге мұраға қалдырған өлеңдері жазылған жерде тұрмын.

Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл әкесі туралы жазбасында: «Еш уақытта іші сүймеген, сенбеген адаммен мәжілістес болып, ұзақ отыра алмаушы еді. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, ол уақытты өзіне абақтыдан кем көрмеуші еді. Ұлғайған сайын әкемнің ашуы азайып, жұмсақ тарта берді. «Қорықпақ пен сүймек от пен су секілді бір жерде жиылмайды, адам сүйген адамның ақылын ұғып, содан баһыра алады, қорқытып, ұрсып айтқан ақыл дарымайды» деп, көз алдында қандай ойын ойнап, күліп отырсақ та, тыйып-қақпай, еркін еркелетіп отырады да, алдынан қашып, жасырынып, жаман-жәутіктермен ойнағымыз келгенін көрсе, қатты ренжіп ұрсып, былайша айтып сөгуші еді: «Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анасынан, ұстазынан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады. Сендердің менен жақсы көріп, барғыларың келіп тұрған жақсы құрбыларың қайсы?» деп, ондай жаман адамдардың мәжілісінен әйел баласындай қорғаштап, тыйып өсіргісі келді», - деп естелігін ары қарай жалғайды. Сол өсиет те осы үйде айтылған болса керек.

Бір бөлмедегі үстел үстінде Абайдікі деген тоғызқұмалақ жатыр. Жұрттың көзі тая бере, кемеңгердің қолы тиген асыл бұйым ғой деп сипалап, ұстап көреміз. Абайдың ең қызығып ойнаған ойындарының бірі осы тоғызқұмалақ болыпты. Бір бұрышта Ұлжанның легені мен құмғаны. Оның өзін «Бала күнінде Абайды осында шомылдырған болуы да мүмкін» деп бір күлдірді біздің жол бастаушымыз. Енді бір бұрышта Абайдың Әйгерімге жасатқан ер тоқымы. Ол да екеуара сүйіспеншіліктің белгісіндей.

Мұражайда Абайдың үш әйелі Ділдә, Әйгерім, Еркежанның да қолданған заттары, жасауларымен келген төсектері сақталған екен. Әуезов «Абай жолында» Ділдәні Алшынбайдың тұқымы болған соң жағымсыз образда беріп, Әйгерім кедейдің қызы болғаннан кейін жақсы бейнеде амалсыз көрсеткен деседі. Романда Еркежанға Абайды үйлендірмейді. Ал ақиқатында інісі Оспанның жесірі Еркежанға кейіннен үйленген. Еркежанның кісі бойына шақ келер айнасы да осы мұражайда сақталған.

 

Шариғаттың білгірі Құнанбайды жек көруім

Енді бір бұрышта Құнанбайдың қажылық сапарынан, яғни Меккеден киіп қайтан тақиясы тұр. Ақынның әкесі Құнанбай дініне берік, дана кісі болған. «Абай жолында» сол кездегі саясаттың кесірінен дұрыс көрсетілмей қалған тағы бір ақиқат осы Құнанбай бейнесі. «Абай жолының» алғашқы томында Қодар мен Қамқаға тас атылып өлтіріліп, бала Абайдың өлтіруші топтың үстінен түсіп, ауырып қалатын тұсы бар еді ғой. Екі мұңлықты өлтірткен Құнанбайды оқып отырған оқырман, яғни біз жек көріп кетуші едік қой. Міне, Абай жеріне бара жатып осы оқиға ауық-ауық ойыма оралып отырды. Көкірегіне талай сырды толтырып, үн-түнсіз дала жатыр. Ал мен бұл өлкенің әр жықпылынан тарихи сыр іздеп келемін. Негізінде Қодар мен Қамқа оқиғасы өмірде болса да, М.Әуезов суреттегендей емес, басқаша орын алған. Себебі Әуезовтің жазуында шариғатқа қайшы тұстар кездеседі. Ілгеріде осы Қодар мен Қамқа оқиғасы жөнінде жазушы Тұрсын Жұртбаймен сұхбаттасқаным бар еді. Сонда ғалым бұл атышулы оқиғаның тарихта расымен болғанын тілге тиек етіп: «Әуезовке ешкім мін таға алмайды. Өйткені бірде-бір авторлық мәтінде «Қодар-Қамқа оқиғасы болмады» деген сөз жоқ. Басқа кейіпкерлердің ойына салып берген. Қодар – атасы, Қамқа – келіні, жалғыз ұл қайтыс болған. Сол келініне Қодар алып қашып үйленген. Біздің өңірде Қодардың Қамқаны алып қашқан тауы әлі де бар. Қодар Қамқамен қоса сол ауылдың он шақты қыз-жігіттерін де бірге алып кеткен. Тауға барып, ол жердің бүгінгі біздің «Саин көшесіне», яғни жынойнаққа айналдырған ғой. Егер атасы өзінің келініне үйленсе, оған тиым салынбаса, жаза қолданылмаса, Құнанбай елді қайтіп билейді, елдің арын қайтіп ұстайды, ұрпаққа қайтіп иман үйретеді?» – деген еді. Сөйтсек олар жазаға лайық екен. Ал сондай жаза дайындаған Құнанбай шариғаттың білгірі екен. Құнанбайды жек көріп жүрген басым осы әңгімеден кейін оны ақтай бастады. Мынандай да оқиға айтылады. Бірде Абай әкесі кітап оқып, ой құшағында жүр дегенді естіп, ауылға келеді. Құнанбайдың кітаптан күніне бір-екі бет қана оқып, ой үстінде жүргенін байқайды. Бір апта өткеннен кейін Абай әкесіне: «Тәте, мына кітапты ұзақ оқыдыңыз ғой. Мағынасы терең кітап па?» - деп сұраса, қажы: «Иә, бұл кітаптың маңынасы терең, тариқат қой» - деп жауап беріпті. «Тәте, сізді дін ғылымының данышпаны, ақиқаттың алдында жүр ғой десем, әлі тариқатта жүрсіз бе?» дейді Абай. Сонда Құнанбай басын шайқап: «Әй, Абайжан. Мен сені толық сауатты ма десем, әлі кемеліңе жетпепсің ғой. Танымның негізі осы тариқат емес пе? Тариқатсыз шариғат та, мағрифат та, ақиқат та жоқ. Осыны ұқпаған екенсің ғой» - дейді. Сонда Абай үнсіз қалып, былай шыға бере: «Тәтемнің ғылымы неткен терең еді?! Орынсыз сұрақ қоюға болмайды екен, «Ақиқаттың алдында тұрсыз» дегенім – өлім тілегенім екен ғой» деп қатты өкініпті. «Төрт кітаптың шындығына көзі жеткен дана Абайдың өзін орнына қойып, жүрегін суытқан Құнанбайдың білім дәрежесі сонда қандай деңгейде болғаны?» - деп ерекше таңданыс білдірген еді Тұрсын аға.

                                                             

«Абай шын мағынасындағы мұсылман еді»

Абайдың жолдасы, шәкірті Көкбай ақын: «Ұдайы жолдас болған уақытымда көп байқаған нәрсем бар: орыс болсын, қазақ болсын, жақсы, жаман болсын, әрқашан мінезінде бояма болмай, шынымен келген кісіні жақтырушы еді. Абай шын мағынасындағы мұсылман еді. Бірақ мұсылманшылығы молда, қожа айтып жүрген сырты сопы мұсылмандық емес, үлкен сынмен қарап, діннің негізін, мақсат-бағытын ғана алып, соны ақиқат діні етіп қолданған. Абайдың діні мұсылмандықтың ішінде осындай жолмен, үлкен сынмен табылған таза ақыл діні еді. Онан соң, жалпы мұсылманшылық жолындағы үлкен ғұламалар жазған ірі сөздердің барлығын да білетін», - дейді өз естелігінде. Оның бұл сөзіне ел ішінде жүрген мына оқиға да дәлел болса керек.

Бірде Семей қаласына өзге дінді жаюшы миссионер келіп, мұсылман дінін қорғаушы молда-имамдармен сөйлесемін дегенде, Семей қаласының оқымыстыларының барлығы бірауыздан Абай атын атапты. Абай мен миссионер Сергей дін жайын жан-жақты әңгіме етіп отырыпты. Сонда Сергей: «Мұсылман дінінше Құдай күш иесі, қорқытушы, сондықтан Құдай жолындағы құлшылық, тазалық, ақтық барлығы да қорқудан туатын сияқты» дегенінде, Абай оған: «Біздің Құдай – Рахман, Рахим. Қуат иесі ғана емес, рахым да қылушы. Қуаты қара күш бастаған қуат емес. Махаббаты бар қуат, әке мен баланың арасы сияқты әкеше сүюші ие», - деген көрінеді. Абай болса Сергейге христиандардың «үш жүзді құдай» деген ұғымына қарсы дау айтып: «Бірлігіне үш жүзді болу сыя ма, сол үш сипат бір жүзінде болса, құдайлығына көп бола ма?» - десе керек. Сергейдің қасында Семейдің көп поптары болыпты. Олар мұсылман дініндегі ұсақ мәселелер бойынша Абаймен дауласпақ болғанда, Сергей поптарды тоқтатып: «Сендер қойыңдар, Ыбырайым Құнанбаев сендердің тісің бататын кісі емес», - деп тоқтатқан деседі.

Қазақты сүюдің үлгісін көрсеткен ақын туралы Тұрсын Жұртбай: «Абай – қазақтың өкпе-бауыры ғой. Ренжісең – өкпе, жақсы көрсең – бауыр» дейді. Бұдан артық мен не айта алармын? Біздің қолдан келері «Толық адам» болуды, «үш сүюді» негізге алуды өсиет еткен кемеңгердің айтқанын алдымен өзіміз орындау, сосын өзгеге үйрету ғана...


 Марфуға Шапиян

 

 

Мұсылмандық жолы оңай жол

Сенбі, 23 Қаңтар 2016 17:48 Written by

Бүгінде Исламды екінің бірі алып жүре алмайтындай ауыр жол деп санайтындар әр жерлерде қылаң беруде. Кейбіреулер мұсылмандықты ұстануды ел ішіндегі арнайы бір топтардың ғана ісі деп топшылайды. Соның нәтижесінде бес уақыт намазға, адал мен арамды ажыратуға, шариғаттың қарапайым қағидаларын орындауға жеңіл қараушылық байқалуда. Мысалы, арақ ішіп, темекі тартып жүрген бір кісіге: «Мұның не? Бұл әдеттерді қоймайсың ба?» десек: «Мен молда емеспін ғой, ең бастысы жүрегім таза, ниетім адал болса, жеткілікті емес пе?» деген жауап естуіміз ғажап емес. Тіпті «Пәленшенің баласы осы жолға түсіпті», «Түген кісі бір қой сойып, осы жолды қабылдапты» дейтін оғаш түсініктер де халық арасында ұшырасады. Бұл топтың түсінігінде, мұсылмандық емшілердің, бақсы-балгерлердің ғана ісі.  Дәрет алып, намаз оқуға уақыт жоқ деп жүргендер қаншама. Олар үшін намаз оқитындардың бүкіл өмірі сонымен өтіп кететін секілді. Бес уақыт намаз адамды өзге тіршіліктен алшақтатып қоятындай, күнде, күнде қайталанып, бітпейтін, таусылмайтындай көрінуі мүмкін.

Шынында  да, мұсылмандық белгілі бір топтың, имам-молдардың ғана ісі ме? Ислам діні бір қоғамның әрбір мүшесі ұстана алмайтындай қиын ба? Міне, осы сауалдар талайларды мазалап жүргені жасырын емес.

Негізінде, Ислам -  жер бетіндегі кез келген адамның еркін ұстануына лайық етіп түсірілген өте оңай дін. Жаратушы иеміз пенделеріне көтере алмайтын міндет жүктемейді. Қасиетті Құранда: «Алла пенделеріне шамасы келмейтінді жүктемейді» («Бақара» сүресі, 286-аят). Егер Алла адамзат баласына иманды болуды, намаз оқып, ораза тұтуды бұйырса, азықтың тек қана тазасы мен адалын ғана жесін деп міндеттесе, еркектер де, әйелдер де ғылым-білім ізденсін десе, оған әркімнің де шамасы келеді.  Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, туыстық жібін үзбеу, жетім-жесірге қарайласу, қол астыңдағыларға дұрыс қарау, қол жайған сұраушылар мен ғаріп-міскіндерге жәрдем беру - жалпы, жақсылық пен қайырымдылықтың қай түрі болса да, кез келген адам анық көтере алатындай оңай істерге жатады. Оны жасай алмаймын деп сылтау іздеу ретсіз. Әрбір адам қай салада қызмет атқарса да, мұсылмандық міндеттерді атқаруы тиіс.  Ал қосымша құлшылықтарды атқару әр кісінің жеке еркіндегі шаруа. Жасаса, сауап алады. Жасамаса күнәһар болмайды. Абай атамыздың «Базарға қарап тұрсам, әркім барар, іздегені не болса сол табылар» дегеніндей шамасының жеткенінше өмірлік сауда жасайды.

Әлбетте, өкпесі өшкенше шабатын сәйгүліктерге ұқсап, жақсылық жасауға барын салатындар жоқ емес. Малымен де, жанымен де, өнер-қабілетімен де, құлшылық-тағатымен де ізігілік жолында шарқ ұрып шауып жүрген ұлы жүректі тұлғалар бар. Олар Құрандағы: «Ондай тақуа құлдар біздің нығмет етіп бергенімізден өзгелерге үлестіреді» («Бақара» сүресі, 3-аят) деген аятты өмірде іске асыруға тырысады. Оларға Алла разы болсын. Жаратушы иеміз әркімге әртүрлі нығметті үйіп-төгіп берген. Біреуге болаттай денсаулық, енді біреуге терең түсінік, тағы біреуге мал-дүние, байлық берген. Өнер, қабілет, шығармашылық шабыт – бәрі де Алланың нығметтері. Енді осыны әркім әрқалай жұмсайды. Ертең Алланың құзырына барғанда, бұл еңбектерінің қарымын да осы ниеттеріне қарай алары сөзсіз. Ендеше, білгенге бұларды жұмсау да құлшылық. Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде үйіндегі жарты құрмасын Алла жолында садақа етіп, сауабын Алладан күткен Алатаудай ақ жүректі тұлғалар болды. Сондықтан болар, Алланың елшісі (с.ғ.с.) мұсылман жұртшылығына: «Жақсылықтың ешбірін ұсақ-түйекке санамаңдар», - деп кеңес берген. Тағы бірде хазрет Омар бар мүлкінің тең жартысын қазынаға әкеліп өткізгенде, алтын жүректі Әбу Бәкір үйіне түс қалдырмай, барын да, нарын да әкеліп, ортаға салғаны мәлім. Алайда мұндай жанпидалық қызметтер әркімге бірдей жүктелген міндет емес екенін жақсы ұғынуымыз қажет. Ал ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде былай деген: «Шын мәнінде, бұл дін (яғни Ислам) оңайлық. Кім де кім бұл дінді ауырлатып алса, дін оны жеңіп қояды». Міне, бұл хадистің мәні өте терең. Әрине, дін оңай екен деп оған жеңіл, атүсті, немқұрайлы қарауға болады деген қорытынды шықпайды. Шариғаттың парыздарын әр адам түгел орындауы керек. Ал құлдың еркіне қалдырылған істерді атқарғанда, әркім өзінің қабілет-қарымына қарай шабады.

Әділетіне келсек, күніне үш мезгіл тамақтану қандай оңай болса, бес уақыт намаз да дәл сондай оңай. Қарнымыз ашса, тамақ жеп, шөлдегенде су үшуге үйренгенбіз. Ал намаздың бұдан ешбір парқы жоқ. Кейбір кезде астың дәмдісін, судың тәттісін іздейтініміз белгілі. Құлшылық та сол секілді жанымыз көбірек ләззат алсын десек, көбірек қосымша ғибадат жасау керек. Ал бірақ нәпіл ғибадатты көбейтем деп жүріп, парыз амалдарды әлсіретіп немесе мүлдем тоқтатып алмауды қадағалау керек. Мысалы, түні бойы құлшылық жасап, таң атарда көзіміз ілініп кетсе, таң намазы қаза болуы мүмкін.

Қысқасын айтқанда, мұсылмандықты ұстану өте оңай. Тек оған көңілдің байлауы керек, нақты ниет қажет. Ислам шариғатында әр істің аз болса да, тұрақты жасалғаны жақсы. Сондықтан Алланың назарында мұсылман ретінде саналғысы келген адам құлшылығын тіршілігімен үйлестіріп бірге алып жүруі қажет-ақ.


 Алтынбек Боранбек

 

 

Уақыт озады, дүние тозады

Сейсенбі, 05 Қаңтар 2016 09:59 Written by

Адам баласы уақыттың қадірін білмейді. Біле-білген пендеге уақыттан қымбат ешнәрсе жоқ. Өйткені, уақыт сенің – өмірің, һәм ғұмырың. Бұрынғы аталарымыз уақытын босқа өткізбеген. Бүгінгі тірлігі мен ертеңгі ақыреті үшін қам қылған. Айталық көне халық жырларында:

Уақыт өтіп барады атқан оқтай,
Ұстатпайды, бұлаңдап шапқан аттай,
Барында базарыңның қапы қалма!
Қарекет қыл қарағым, қарап жатпай – десе, данагөй атамыз Абай өзінің үшінші қара сөзінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды» депті.

Тарихта ұзақ өмір сүрген Нұһ (а.с.) пайғамбарға өлім періштесі келіп: «Дүние қандай екен?» - деп сұрағанда ол: «Дүние екі есігі бар үй сияқты екен, бір есігінен кіресің де, екіншісінен шығып жүре бересің» депті.

Адам егер де 63 жыл өмір сүріп, күніне 8 сағат жұмыс істесе, барлық сүрген өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді. 6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы анда-мұнда сапарларға, 1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.

Ибн Аббас жеткізген мына бір хадисте: «Алланың нығметтерінің ішінде екі нығметтің қадірін көп адамдар білмейді, ол - денсаулық пен  уақыт» десе,  тақуа кісі Абдуллаһ бин Мәсъуд: «Өкініштен өзегімді өртейтін нәрсе: босқа өткен уақыттарым» деген екен. Сол сияқты үлкен сахаба Муъаз бин Жәбәлден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қиямет күні төрт нәрседен сұралмайынша құлдың екі аяғы тырп етпейді: уақытын қалай жұмсады, жастық шағын қалай өткізді, мал-дүниені қайдан тапты, қайда жұмсады, білімімен қандай амал жасады» дейді. Осыдан-ақ уақыттың маңызын біле беріңіз.

Ал, ағайын, біз уақытымызды қалай өткізіп жүрміз. Дүние дөңгеленіп, ақпарат көзі жедел дамыған мына заманда санқилы идеология тасқыны адамдарды ойлауға уақыт қалдырмайтын күйге түсіруде. Әсіресе, теледидар атаулы халықты ұзынсонар телесериалдарымен алдауда. Қазір Қазақстанның кез келген шағын қалалары мен қарапайым ауылдарына барып көріңіз, үйінің төбесінде немесе ауласында көлемі қара қазандай дөңгелек табақшалар тұр. Оның міндеті ғаламның бәлесін үйіңе әкеліп көрсетеді.

 Адамдар бір күнде екі немесе үш сериал көреді. Әрбір сериал 40-50 минуттан. Енді есептеп кеп жіберейік. Екі сериалға бақандай 2-3 сағат уақытыңыз кетеді. Аптасына 21 сағатты кино көрумен өткізеді екенсіз. Бір жылда 48-50 күнді тек сериал көруге жұмсайсыз.  

Ал, енді осы сериалдарды көргеннен не ұтасыз. Түк те пайдасы жоқ. Әншейін босқа өткен уақыт. Ақылы бар адам өзін кино көріп алдандырғанша ақыретке пайдасы бар дүниемен айналысар еді. Намазын оқыр еді, аят жаттар еді, бала-шағасының несібесі үшін пайдалы еңбек етер еді, ауырып-сырқаған ағайын-жекжаттың көңілін сұрауға барар еді...

Ислам ғалымы Ибнул Жаузи өзінің өсиетнама кітабында, уақыттың адамзат үшін өте құнды дүние екенін баяндай келіп: «Мұсылманның ниеті – амалымен игі. Мен адамдардың уақытқа мән бермейтінін байқаймын. Оларды телегей теңізге батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған адамдарға ұқсатамын» десе, тағы бір оқымысты Яхия ибну Хубайра: «Адам баласы үшін ең бағалы зат – уақыт, һәм тез жоғалтатыныңда сол» депті. Яғни, баянсыз, бос өткен уақыттың ақыретте сөзсіз сұрауы болмақ.

Енді мына бір хикаяға назар салайық: Бірде патшаға нөкерлері еңгезердей шомбыл адамды ертіп келіпті. Бұл адамның ерекшелігі аса епті екен. Үлкен тебен инені алты аттам жерге шаншып қойып, қолындағы жіпті лақтырғанда әлгі иненің көзінен өткізіп жібереді екен. Патша онысын көріп қайран қалады. Шеберден: «Осы істі үйрену үшін қанша жылыңды жұмсадың?» - деп сұрайды. Шебер: «Қырық жыл уақытым кетті» дейді. Хан айтады: «Мына адамға 40 ділдә алтын беріңдер, оған қоса аямай 40 дүре соғыңдар» депті. Шебер: «Тақсыр! 40 дүре соғатындай қандай айыбым бар, түсінсем бұйырмасын...» дейді. Сонда хан айтыпты: «40 алтын ділдә еңбегің үшін, 40 дүре ешқандай пайдасыз іспен қырық жыл айналысып, ғұмырыңды босқа өткізгеніңнің жазасы» депті.

Ал, ағайындар ойлап көріңіздерші, шынында тебен инеге алты аттам жерден жіп лақтырып көзінен өткізгеннің ақырет үшін қандай пайдасы бар. Сол сияқты мазмұны нашар һәм пайдасы жоқ сериалдар да жоғарыдағы оқиға іспеттес.


Бердіхан Құсайын


Мұсылманның қорғаны - тақуалық

Сейсенбі, 05 Қаңтар 2016 09:42 Written by

Тақуалық – Алла Тағаладан шынайы қорқу. Қай жерде, қай сәтте болса да. Дұға мұсылманның қорғаны болғандай-ақ, тақуалық та бір қорған. Сондай-ақ тақуа адам әлбетте намазын оқитын, оразасын ұстайтын, зекетін беретін, шамасы келсе қажылыққа құстай ұшатын талабы мол пенделердің қатарынан. Десек те тақуалықты әркім әрқалай түсінеді. Нақты сипаттарын қалай білеміз? Ол туралы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ізбасарлары сахабарлардың айтқандарына құлақ түрелік. Дара да дана сахабалардың бірі Әли (р.а.) өзінен тақуалық жайында сұралғанда жіпке тізгендей қылып былай депті:

Тақуалық – Алладан қорқу. Құран мен сүннетке амал ету. Қайтар күнге дайындық және азға қанағат қылу.

Осы жауаптан кейін Һумам (р.а.): «Тақуаларды көз алдымызға елестетіп тұратындай етіп сипаттап берші» дейді.

Сонда Әли (р.а.): «Тақуалардың істері тек жақсылыққа бағытталған, сөздері тек шындыққа негізделген, киімдері қарапайым, болмыс-бітімі кішіпейіл, көздерін харам нәрседен тыя біледі, құлақтарын пайдалы ілімге түреді, қиыншылықты да, қуанышты да бірқалыпты қарсы алады, егер ажал болмағанда олардың рухтары Аллаға деген сағыныштан тәндерінде бір сәтке болса да тұрмас еді. Алланы және Оның Елшісін бұл дүниеден артық қояды. Олар ахиретті уайымдап үнемі жабырқап жүретін пенделер. Жаман істерден сақтанған жұқа өңді, қанағатшыл, пәк жандар. Қысқа өмірге сабыр сақтап, мәңгі өмірдің рахатын тапқандар. Олар дүниеден бет бұрса да, ол қыр соңынан қалмайды. Дүниеге тұтқын болса да, оған еш сырын ашпайды. Түндерде намазға тұрып, жүздерін жасқа толтырады. Көз жастарын Құран оқумен құрғатады. Егер де жәннат жайлы бір аят оқылса, оны аңсап, сағынышпен ұмтылады. Ал, егер тозақ туралы бір аят оқылса, онда тозақтағы қорқынышты дауыстар құлағына шалынып тұрғандай оны жүректерімен мұқият тыңдайды. Сол сәтте тізелерін бүгіп: «Тозақтан құтқар! Тозақтан сақта!», - деп Алладан жалбарына сұрайды. Күндіз олар мейірімді жандар. Үнемі қорқынышта бой түзеп, жақсылық жасаушы ғалымдар. Алладан қорыққандары соншалық оларды көрген адамдар науқас деген ойға қалады. Бірақ олар науқас емес, өлімді жиі еске алған жандар. Өздерінің аз амалдарына қанағаттанбайды, ал егер де көп болса масаттанбайды. Амалдарының жойылып кетуінен қорқып, нәпсілерін үнемі тізгіндеп отырады. Олардың бірі даналық танытса, халықтың мақтауынан қорқады. Сонда ол: «Халық айта береді. Мен өзімді халықтан жақсы білем. Ал, Алла Тағала мені менен де жақсы біледі. Аллам олардың білмей айтқан сөздеріне мені жазалама. Олардың ойлағанынан мені жақсырақ қыл да, олардың білмей айтқан сөздеріне мені кешіре гөр», - деп жалбарынады. Олардан мына сипаттарды байқау қиын емес: діні берік, қайғыға берілмеу, иманы кәміл, білімге құштар, әділдік, қиыншылыққа сабырлы, кедейлікке төзімділік, адалға ұмтылу, бойұсынуға белсенділік және қайыр сұраудан ұялу. Олар үнемі жақсы амалдар жасайды. Кеш батса жан-тәнімен шүкірде, таң атса зікірде болады. Жатарда сақтанса, таң атқанда қуанады. Ғафілеттен сақтанып, кеңшілік пен рахметке қуанады. Өздеріне қиын болса да, нәпсісінің қалағанын жасамайды. Білімін кішіпейілділікпен жайып, сөздерін амалмен атқарады. Олардың ниеті қабыл, қатесі аз. Нәпсілері қанағатта, жүректері қорқынышта. Тамақты аз жейді. Істері жеңіл, діні тірі, шәһуаты өлі, ашуы ауыздықталған. Олардан тек жақсылық күтесің. Жамандық көрмейсің. Егер де Алланы еске алушылармен бірге болса қаперсіздерден болып жазылмайды, ал, қаперсіздермен бірге болса Алланы еске алушылардан болып жазылады. Зұлымдық еткендерді кешіреді. Біреу оның ақысын жесе де, ол оның ақысын жемейді. Араздасып алыстап кеткен туысқандарының арасын жақындатады. Бұзақылықтан алшақ, сөйлеген сөзі жұмсақ. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. Қиыншылыққа сабырлы, қуанышта шүкірлі жандар. Жеккөрген адамын ренжітпейді. Жақсы көрген адамына зиян бермейді. Куәгерсіз шындықты мойындайды. Аманатқа қиянат қылмайды. Біреуді кемсітетін лақаб атымен атамайды. Көршіге зиян бермейді. Адамдардың қайғысына қуанбайды. Жалғанға жақындамайды, шындықтан шықпайды да. Егер күлсе дауысын көтермейді, үнсіз қалса біреуді ренжітпейді. Егер де біреу қастық жасаса, Алла Тағала оның жазасын бергенше сабыр етеді. Нәпсісі одан қиналады, адамдар одан рахаттанады. Біреуді жақсы көрсе де, жаман көрсе де ол ісі тек Алла үшін болады. Оған біреу жақындаса жұмсақтықпен жақындайды. Егер одан біреу алыстаса тәкаппарлықпен емес, бәлки жақсы себеппен алыстайды» деген екен.

Нағыз бақыт деген не? Ол қайда? Ол әрине тақуалықта. Тақуалықты ту еткен пендеге сөзсіз жәннаттан орын бұйырады. Ал, енді жәннатқа барудан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Біреулер дүние, байлық болса сол бақыт дер. Байлық болса болсын. Бірақ та жүректе емес, қолда немесе қалтада болсын. Ал, жүректе тек тақуалық қана тұрақтауы керек. Тақуа болайықшы!


Нұрқанат Нұрдәулетұлы


Ораза және денсаулық

Сейсенбі, 05 Қаңтар 2016 09:31 Written by

Адам өмірінің ұзын яки қысқа болуы оның тағдыр талайына байланысты. Аллаһ тағаланың маңдай жазуын ешкім өзгерте алмайды. Алайда тағдырдың себеп пен себепкерге де қатыстылығы болады. Яғни тағдыр үкімі бір жағы себепке, бір жағы нәтижеге байланысты белгіленеді. (Алайда бұл белгілену де Аллаһтың қалауы негізінде жүзеге асады. Аллаһтың қалауы себептерге тәуелді емес). Аллаһ тағала өзінің «Хаким» есіміне лайық мына бес күндік жалғанда көптеген бұлжымайтын табиғи заңдылықтар мен себептер жаратқан. Бұл дүниеге ғана тән ол заңдылықтар мен себеп атаулы ана дүниеде, ақыретте жойылады. Осыны тілге тиек ете отырып Құран «Фатыр» сүресінің 43-аятында: «Сен Аллаһ жүйесінде өзгеріс я болмаса ауытқушылық кездестіре алмайсың» десе, іле «Ахзаб» сүресінің 62-аятында: «Аллаһтың бұрынғы өткендерге жүйесі осы. Аллаһтың жүйесінен әсте ауыс-күйіс кездестіре алмайсың», - деп шегелеп атап өтеді. Барша пайғамбарларға тән мұғжизалар бір жағы олардың пайғамбарлықтарының дәлелі, бір жағы себептерді жаратушы Аллаһ тағала екенін көрсету мақсатында іске асқан.

Біз темекінің зияны мен көп тамақтанудың денеге тигізер зардабын, оның ертерек өмірмен қош айтысуға итермелейтінін қолға ала отырып, сыртқы себептерді де ескереміз, Аллаһ тағала бекіткен табиғи заңдылықтар тұрғысынан көз жібереміз. Тіпті әлем жетекшісі, Аллаһтың сүйікті құлы хазірет Мұхаммед (с.а.с.) те өз кезегінде осы бір сыртқы себептерді көзден таса қылмағаны оның соғыстан бұрын сақтану шараларын жасауынан, керек кезде қаланы айналдыра ор қаздырғанынан, қажет кезде жаудан қорғанып үстіне екі қабат сауыт кигенінен белгілі. Алайда себеп атаулыны сеніммен шатастыруға болмайды. Әйтпесе себептер ішінен сенімді іздегендер - Мутазила, ал сенім арқылы себептерге көз салғандар - Жәбрияға жатады. Біз, әхлі сүннетшілер, не нәрсеге болсын өз өлшеміне сай баға беруге тиіспіз.

Ал енді осы мәселені тағы да Аллаһ тағаланың «Хаким» есіміне сай сыртқы себептер шеңберінде қарастырып көрейік:

Тағам заттарының, сондай-ақ тамақпен бірге дене қабылдаған әр түрлі нәрселердің күш-қуат, энергия, қимыл-қозғалысқа айналуы, жаңа клетка өндіруі оңай шаруа емес. Ас ауызға кіре салысымен жоғарғы ас қорыту бездеріне ескерту келіп түседі. Орталық жүйке жүйесінің араласуымен ауыздағы асты қорытуға қатысы бар барлық сезімтал әрі мотор жүйке координаттары арқылы бұлшық еттер мен секреция шаралары қимылға көшеді. Ауыздағы іс бітісімен арнайы жүйке рефлекстері арқылы ас ауыздан асқазанға жіберіледі. Асқазаннан бөлінетін сұйықтық пен еріктен тыс (рефлекс) бұлшық қимылдарымен астың екінші қорыту бөлімі аяқталады.

Ас ішектер үшінші бөлімді тәмамдағаннан кейін сіңіру кезеңі басталады. Артынша бауыр атқаратын 450-ден аса міндет кезекке тұрады. Бұл тұста әдеттегіге қарағанда жүрекке көбірек күш түседі. Дененің барлық үлкен-кіші мүшелері тіпті барлық жасушалары осы бір өте қиын, тез шаршататын іске бас қояды. Бұндай ауыр тірлікті еңсеру кезінде тамақтанудан біршама уақыт өткен соң барып жүректен бастап дененің барлық мүшелерінде шаршау байқалады. Қан мөлшері мидың орталық жүйке жүйесінің жасушаларына жеткілікті деңгейде жете қоймайды. Бұл жағдай көп тамақ жеудің денеге артық салмақ салып, оны тез шаршататындығын көрсетуде. Түрлі ас пен көп тамаққа әуес кісілердің өмір жасы қысқа болуындағы себеп міне осы. Әр мүшенің шектеулі, белгілі бір мерзімге дейін өмір сүру қабілеті бар. Өз мөлшерінен тым көп нәрсеге қинау оның өзіндік жұмысын тоқтатып, тез қартаюына жол ашады. Сол себепті аз тамақтанған кісілер көп өмір сүреді. Жастығы мен тың кезі өмір бойы сақталғандай сезінуі мүмкін. Осы тұрғыдан қарағанда ораза денсаулығымыз үшін өте пайдалы. Оған қоса оразаның ауруларға қарсы дененің иммунитетін күшейтетін қасиеті де бар.

Анығында жеген тағамдарымыздағы белок пен қышқылға кейбір көкөністер қосылып тұз түзейді. Жасушаларымыз бен тканьдарымызда үнемі тұз түрлері өзгеріп тұрады. Тағамданған кезде химикалық негіз жетіспесе қышқылдың тұзға айнала алмауы салдарынан улану пайда болады. Бұл жағдай денедегі қосымша қызметпен қамтамасыз етілгенімен, оның үздіксіз қайталануы денсаулықтың бұзылуына себеп болады. Аурулардың елу пайызы асқазан бұзылуы салдарынан пайда болады. Қышқыл мен тұз тепе-теңдігі денсаулық үшін қажетті болғанмен біз оны қадағалап жатпастан бәрібір өз мүмкіндігімізге қарай қалауымызша тамақтанамыз. Бей-берекет тамақтанудан туындайтын денедегі бұндай ауыртпалықты

жылына бір ай күндізгі уақыттарда тоқтатуға болады. Бұндай ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді:

«Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады, кейде жүйкені бұзады, соңында әлсіздік сезімін оятады. Алайда ең маңыздысы бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады».

«Адам ұрпағының жалғасуында үлкен рөл ойнайтын аштыққа төзім қызметін» ораза ретке келтіріп, аштық пен шөлге деген адамның шыдамын арттырады. Кейбір мүбарак күндерде, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталған мәжбүрліктен тыс нәпіл ораза гормонды қимылдарды реттейді. Бойдағы күш-қуаты мен энергиясын не жұмыс, не спортқа жұмсамайтын кісілерді, әсіресе, жастарды әр түрлі жамандықтар мен арсыздықтардан тыяды. Бұндай Аллаһ разылығы үшін ұсталған ораза рухқа деген дененің қысымын азайтады. Рух бостандығына мүмкіндік сыйлайды. Бүгінгі таңда медицина саласы оразаны кей аурулардан қорғаушы әрі ем ретінде пайдалануда. Көптеген науқастар ораза арқылы емделуде. Медицина саласында ораза мен диетаның қаншалықты маңызды екені бәрімізге белгілі. Өйткені әлемдегі дәрігерлердің қай-қайсысы болмасын науқастарға не жеп, не жемеу керектігін тіпті тізіп тұрып қағазға жазып қолына ұстатады. Былайша айтқанда, қазіргі таңдағы дамыған медицина ауру мен тағам арасында байланыс бар екенін ашық ұғынуда. Мұсылмандарға да мына бір ұстаным жат емес:

«Асқазан-аурудың ұясы, емнің басы тағамның денсаулыққа сай дұрыс қабылдануы». Біздің «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың мықты болады» деген ұстанымымызға сай қазіргі медицина да «Ораза ұстаңдар, тың, сергек жүресіңдер» деуде. «Ораза өмірді ұзартады» дегенде біз осыларды мегзейміз.

Иә, адамның өмір жасының ұзақтығы да, қысқалығы да бәрі Аллаһ тағаланың еркінде. Денсаулығы мығым жас адамның өзі бір сағатқа жетпей көз жұмуы мүмкін. Қазіргі дамыған медицина бұған араша түсіп Аллаһтың қалауын өзгерте алмайды. Барша себептер Аллаһқа мәлім болғандықтан тағдыр талайы мен қазаға ұшырау секілді қиындықтар оның білуінен тыс жүзеге аспайды.

 


 

      1.  Естiмегені, бiлмегенi үшін діннен шыққандардың күпiрi күфри жаһлиге жатады.Жаһли күпір сауатсыздықтан туындайды,əрі екi түрлi болады: Бiрiншiсi, жай күпір. Мұндай адам өзінің жаһил (сауатсыз) екендігін біледі. Бұларда қате, бидғат сенiм деген болмайды. Яғни, жануарлар сияқты сауатсыз, қараңғы болады. Өйткенi адамды жануардан айыратын нəрсе бiлiм мен түсiнiк. Бұлар тіпті жануарлардан да төмен тұрады. Өйткені жануарлар өз жаратылыс мақсаттарына сай өмір сүргендігінен əлгі адамдардан жоғарырақ тұрады. Жаһли күпiрдiң екiншi түрi жаһлі мүрəккап. Мағынасы қате, бұрыс сенiм дегенге келеді. Грек философтары жəне мұсылмандардан жетпiс екi бидғат фирқасынан Исламда ашық білдірілген нəрселерге сенбейтіндері осы топқа жатады. Бұл күпiрлiктiң түрi бiрiншiсiнен де ауыр. Емделуі қиын ауру.
 
      2.  Жухуди деп аталатын екінші күпірі инади немесе қырсықтық күпірі деп те айтылады.Бұл топ бiлiп тұрса да мойындамайтындардықамтиды. Бұл тəкəппарлықтан, абырой сүйгендіктен жəне атағын жоғалтудан қорқудан туындайды. Перғауын мен жолдастарының, Византия патшасы Гераклдың күпірлері осындай болған.
 
      3.  Күпiрлiктiң үшiншi түрi - һүкми (үкім) күпiрлiк. Исламда имансыздық белгісі деп үкім етілген сөздерді айтқан, əрекеттерді істеген кісі жүрегімен сенсе де кəпір болады.

 


Күпiр бабы

Бейсенбі, 21 Мамыр 2015 04:23 Written by

Жамандықтардың ең жаманы - Аллаһу та’алаға сенбеу, атеист, дінсіз болу. Сену керек болған нəрселерге сенбеу күпiршілік бола-ды. Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу күпiр болады. Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан əкелiп бiлдiрген нəрселерiнiң барлығына жүрекпен сенiп, тiлмен айтуды, сөйлеудi иман дейдi.Өміріне қауiп төнiп тұрғанда сөйлемеуiкешiрiледi.Иман дұрыс болу үшiн Исламда күпiр деп көрсетілген нəрселердi айтудан жəне қолданудан сақтану керек. Исламдағы үкiмдердiң бiрiне немқұрайлы қарау, Құран Кəрiмдi, перiштелердi жəне пайғамбарларды мазақ ету күпiр белгiлерi болып табылады. Инкар ету деп - естiгеннен кейiн сенбеу, жоққа шығару,шындық екендiгiн мойындамауды айтады. Күмəндану да инкар болады.


Елу төрт парыз

Бейсенбі, 21 Мамыр 2015 04:21 Written by
  1. Аллаһу та’аланың бiр болғанына сену;
  2. Халал тамақ жеу;
  3. Дəрет алу;
  4. Бес уақыт намаз оқу;
  5. Жүнiп болғанда ғұсыл алу;
  6. Ризықтың Аллаһу та’аладан болғанына сену;
  7. Халал жəне таза киiм кию;
  8. Аллаһқа тəуекел ету;
  9. Қанағат ету;
  10. Берген нығметтері үшін Аллаһу та’алаға шүкiр ету;
  11. Қазаға риза болу;
  12. Қиыншылыққа сабыр ету;
  13. Күнəларға тəубе ету;
  14. Аллаһ ризалығы үшiн ғибадат ету;
  15. Шайтанды дұшпан білу;
  16. Құран Кəрiмнiң үкiмiне риза болу;
  17. Өлiмнiң хақ екенiн бiлу;
  18. Аллаһтың достарына дос, дұшпандарына дұшпан болу;
  19. Əке-шешеге жақсылық жасау;
  20. Сауапты істі уағыздап, азапты істен қайтару;
  21. Туыстарына жақсы қарым-қатынас жасау;
  22. Аманатқа қиянат етпеу;
  23. Əрдайым Аллаһу та’аладан қорқып, бұзықтық жəне азғындықты тəрк ету;
  24. Аллаһқа жəне расулына мойынсұну;
  25. Күнəдан қашып ғибадатпен айналысу;
  26. Мұсылман əмірлерге бағыну;
  27. Əлемге ғибрат көзiмен қарау;
  28. Аллаһтың бар екендiгiн тəфəккур ету (пікір ету);
  29. Тiлiн жалған сөздерден қорғау;
  30. Жүрегiн (көңілін) таза ұстау;
  31. Ешкiмдi масқара етпеу;
  32. Харамға қарамау;
  33. Кез-келген жағдайда сөзінде шыншыл болу;
  34. Құлағын харам сөз тыңдаудан сақтау;
  35. Ілiм үйрену;
  36. Таразыны жəне өлшеу аспаптарын дұрыс қолдану;
  37. Аллаһу та’аланың азабына түспейтiндiгiне сенiмдi болмай, əрдайым қорқу;
  38. Мұсылман кедейлерге зекет, жəрдем беру;
  39. Аллаһтың рахметiнен үмiт үзбеу;
  40. Нəпсiнiң қалауларына ермеу;
  41. Аллаһ ризалығы үшiн бiреуге тамақ жегiзу;
  42. Жеткiлiктi мөлшерде несібесін табу үшiн еңбек ету;
  43. Дүние-мүлкiнiң зекетiн беру, егіннің ушрін беру;
  44. Хайз жəне босанған əйеліне жақын болмау;
  45. Жүрегiн күнəлардан тазалау;
  46. Тəкаппар болудан сақтану;
  47. Балиғатқа жетпеген жетiмнiң дүниесiн қорғау;
  48. Еркек еркекпен жыныстық қатынаста болмау; (Лұтилік)
  49. Бес уақыт намазын уақытылы оқып, қазаға қалдырмау;
  50. Зұлымдықпен бiреудiң мүлкін жемеу;
  51. Аллаһу та’алаға серiк қоспау;
  52. Зинадан сақтану;
  53. Шарап жəне алкогольды ішімдіктер iшпеу;
  54. Жоқ нəрсеге ант етпеу;

Page 1 of 2
Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы