Items filtered by date: Мамыр 2018
Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 12:50

БАЛАЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында, Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ораза ұстаған балапандары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде берілген ауызашар дастарқанының сыйлы қонақтары болды.

Ақын Төреәлі Төлепов, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, мешіт жамағаты қатысқан ауызашарда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Сауабы мол айдың шарапаты» тақырыбында уағыз айтты.

Ауызашарға қатысқан балақайлар, әрдайым демеушілік жасап жүретін, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қ.Бисеновпен кездесті.

Келелі кездесу барысында өңірдегі діни ахуал мен жастарға дұрыс тәрбие беру, білім саласындағы соңғы ғылыми жаңалықтар туралы сөз болып, жоспарларымен бөлісіп, екі жақты ұсыныстар жасалды.

Ректор Қылышбай Алдабергенұлы Өкіл имамға бүгінде өңірлік дін саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардан хабардар екенін айтты,

«Университетімізде «Тарих және Дінтану» мамандығын ашу жоспарымызда бар. Сол мамандықтың болашақ білім алушыларына сіз секілді ғылыми тәжірибелі мамандар дәріс берсе, біз үшін үлкен мәртебе»- дей келе, өзінің ұсыныс білдіріп,

алдағы уақытта орталық мешітте ашылатын облыстық кітапханаға Карен Армстронгтың «История бога. ТЫСЯЧЕЛЕТНИЕ ИСКАНИЯ В ИУДАИЗМЕ, ХРИСТИАНСТВЕ И. ИСЛАМЕ» атты кітабынуниверситет атынан сйыға тарту ететінін жеткізді.

Өкіл имам өз кезегінде:

«Бүгінде бас мүфтиіміз дін қызметкерлерінің сапалы білім алуына, жоғары деңгейлі білікті маман болуына баса назар аударуда. Осы орайда, сіздің жоспарыңыз жүзеге асырылса, жергілікті имамдардың білімін жетулдіруде айтарлықтай үлес қосатынына сенімім кәміл»-деп, ұсынысын қолдайтынын жеткізіп,

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамаларымен таныстырды.

Сұхбат соңында, екі жақ та бүгінгі жастар - ертеңгі ұрпақтың тәрбиелеушісі екенін ескере отырып, «Ислам және Отбасы» жылы аясында бірлесе жұмыс жасауға келісті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Бүгін «Асыл арна» телеарнасына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Аманұлы Қалетаев мырза ресми сапармен келді. Арнаның ұжымымен арнайы танысқан министр техникалық әлеуетке де ерекше назар аударып, негізгі телеөнімдер жасалатын студияларды аралап шықты. «Асыл арнаның» осы күнге дейін жасалған жұмыстарына жоғары баға берген министр арнаның Бас редакторы Болатбек Қожан жүргізетін «Емен-жарқын» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.

Жұмыс жүйесіне қаныққан министр арна қызметкерлеріне өз ықыласын білдіріп, Елбасы жолдауында белгіленген мемлекеттік саясаттың, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Асыл арнада» насихатталу деңгейін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, әлем жұртшылығын алаңдатқан діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында дайындалған ағартушылық бағдарламалар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «Асыл арна» телеарнасы арасындағы үш жақты меморандум негізінде атқарылып жатқан шаралар жөнінде де жылы пікір білдірді. Сондай-ақ, Парламент палаталарында талқыланып жатқан Дін туралы заңға қатысты да айтып өтті. Ресми кездесу барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза да ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек басқаратын «Асыл арна» телеарнасына деген әкімшіліктің көзқарасын жеткізіп, өзінің ізгі пейілін танытты.

Сөз соңында, Дархан Аманұлы қазақ руханияты мен мемлекет идеологиясындағы «Асыл арна» телеарнасының орны бөлек екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта министрлік пен телеарна арасындағы байланыс нығая түсетіндігін айтып, болашақ жоба-жоспарларға табыс, арна еңбегіне жеміс тіледі.

Published in ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің әйелдер-қыздар бөлімі шәкірттері Құран Кәрімді жатқа оқудан бақ сынасты.

Қасиетті айда Қадрдан Нас сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерлерді жатқа оқудан жарысқан мешіт шәкірттері жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа (үлкендер және жастар тобы) бөлінді.

Алдымен жарысқа түскен «Үлкендер» тобынан І – Н.Саткинбаева, ІІ – К.Ибраимова, ІІІ – К.Абуова жүлделі орындарға ие болса, жастар тобынан І-орын – Б.Жақсылыққызы, ІІ-орын – А.Қуандық, ІІІ-орын - А.Байменовалардың тәжуиді мен махражы жоғары бағаланып, өзге қатысушылардан оза шықты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен өткен сайыста төрелік еткен аталмыш мешіт имамдары мен әйелдер бөлімінің ұстаздары қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Қасиетті Рамазан айында облыс бойынша түрлі іс-шаралар жоспарланып, бүгінде бірқатары жүзеге асырылуда. Солардың бірі, республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, өңір жамағатымен кездесу ұйымдастыру.

Осыған орай, РАНТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Оралхан Сейдманов Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келіп, мешіт жамағаттарымен кездесті.

Атап айтар болсақ, бейсенбі күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашарға қатысып, тарауық намазы алдында «Рамазан – құлшылық айы» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Тарауық намазында, қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің жамағатымен кездесіп, намаздан соң Өкіл имам, рамазан айы басталғалы тарауық намазында толығымен оқылып біткен, Құран Хатым дұғасын жасады.

Жұма күні облыстық мешітте «Зекет бер: берекетін көр, ырысың молайсын» тақырыбында жұма уағызын айтып, ғибадат айындағы зекет берудің маңыздылығы мен пайдасын түсіндірді. Намаздан соң, Алла Тағаладан өзге аймақтарда орын алып жатқан табиғи апаттар мен келеңсіздіктерден сақтауын сұрап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң, қалалық «Айтбай» мешітінде жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Рамазан – мейірім һәм ізгілік айы. Сыр өңірінің мешіттері сауабы мол мүбарак айда түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, игі іс жасау жолында жарысуда.

Облыс көлеміндегі барша мешіттерде тұрақты түрде ауызашар дастарханы жайылып, күнделікті тарауық намазын оқуға келетін жамағат пен қала тұрғындарына «тегін таксилер мен автобустар» ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, қала және аудан мешіттерінде қайырымдылық акциялары аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілуде.

Мешіт шәкірттері арасында құран хатым оқылып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен өткізілетін ауқымды байқауларға, дәлірек айтқанда, «Менің алғашқы оразам», «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу», «Имам Науаидің хадистерін жинағын жатқа айту» секілді облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ жамағатының білім деңгейін көтеру мақсатында үздіксіз сабақтар жүргізіліп, түрлі тақырыптарда уағыздар айтылуда, сонымен қатар, Республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздар шақыртылып, кездесулер өткізілуде.

Қасиетті айда облыс көлемінде атқарылуы тиіс ізгі шаралар легі мұнымен тоқтамақ емес.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР
Бейсенбі, 24 Мамыр 2018 05:32

ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕ!!!

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!!!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс тұрғындары, мешіт жамағаттары арасында (ер, әйел, жасы шектеусіз) "Менің алғашқы оразам" тақырыбында облыстық шығарма жазу БƏЙГЕСІ. 

Шығармалар электронды нұсқада ережеде көрсетілген электронды адреске жолдануы тиіс. Қаріп өлшемі – 14, интервал – 1, формат – А4, көлемі – 2-4 бет аралығы. Міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетілсін:

-         - Автордың толық аты, әкесінің аты және тегі;

-         - Туған жылы, айы, күні;

-         - Мекен-жайы, телефон номері;

-         - Қызметі (болған жағдайда).

Жарыс жүлделері:

-         - 1 орын – 50 000 тг

-         - 2 орын – 30 000 тг

-         - 3 орын – 20 000 тг

Жүлделі орынға ие болған үздік шығармалар жергілікті БАҚ өкілдерінде, интернет желілерінде жарияланатын болады.

7.06.18 дейін aqmeshit@mail.ru жіберу керек.

Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық мешіттер шәкірттері (ерлер) арасында Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан ЖАРЫС өтеді.

Жарыс жүлделері:

-         1 орын - 70 000 тг

-         2 орын - 50 000 тг

-         3 орын - 30 000 тг

Өтетін уақыты: 3.06.2018 ж.

Өтетін орны: Ақмешіт-Сырдария

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық мешіттер шәкірттері (ерлер) арасында Имам Науаидің 40 хадисін жатқа оқудан ЖАРЫС өтеді. 
Жарыс шарттары: 
- 40 хадистің қазақша мағынасын реттік нөмірімен, жеткізген сахабаның атымен бірге жатқа айту.
- Хадисті қысқаша түсіндіру. 

Жарыс жүлделері:

-         1 орын - 50 000

-         2 орын - 30 000

-         3 орын - 20 000

Өтетін уақыты: 10.06.2018 ж.

Өтетін орны: Ақмешіт-Сырдария

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР

Бүгін Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Зайырлы қоғамдағы – қыз баланың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Семинарда Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Б.Улжаев, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, сонымен қатар, арнайы шақыртылған қонақтар, Астана қаласынан ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі А.Тлегенова, Өскемен қаласынан «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығы мекемесінің директоры И.Беркимбаева, Тараз қаласынан Жамбыл облыстық дін істері басқармасы Оңалту орталығының инспекторы, дінтанушы теолог маман З.Усенова жиынға қатысушыларға тақырып аясында жан-жақты қамтылған баяндамалар оқып, қазіргі қоғамдағы дертке айналып бара жатқан өзекті мәселелерді айшықтап, шешімін табу жолдарын ұсынды.

Еркін форматта өткізілген семинар соңында білікті мамандар қатысушы қыз-келіншектердің өзекжарды сұрақтарына жауап беріп, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Published in ІС-ШАРАЛАР
Page 1 of 3
Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы