Aqmeshit

Aqmeshit

Donec pulvinar, ligula sed volutpat rutrum, risus purus ullamcorper massa, at tristique risus nisi quis est. Suspendisse pharetra sagittis leo eget tincidunt? Maecenas ut consequat massa

Қасиетті жұма күні Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы барша жамағаттың алдында «Смағұл» мал сою алаңына ҚМДБ-ның «Халал сертификатын» және мекеме қасапшысына қасапшы куәлігі мен мөрін табыстады.

Жақында ашылған бұл мекеме ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС мекемесінің арнайы тексерінен өтіп, 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының шарттарына сай екендігі расталды.

«Смағұл мал сою» алаңы қаламыздағы заманауи үлгіде жабдықталған, Халал стандарты талаптарына жауап беретін бірден бір кәсіпорын. Халал Даму ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мекемеде бақылаушы қызметкер тағайындау және тәулік бойына онлайн режимде жұмыс жасап тұрған бақылау камералары арқылы барлық процессті бақылауда.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері толығымен халал стандарты талаптары бойынша арнайы оқу семинарынан өткізілді.

«Алтайбаев» ЖК

«СМАҒҰЛ МАЛ СОЮ» алаңы

Қызылорда қаласы, Ақмаржан шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, №135Б

Сертификат тіркеу №000195

Байл. тел. 87058256565

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


ӨКІЛ ИМАМ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Published in ІС-ШАРАЛАР UTC+00:000_K2_ЖмAMUTCE_Маусым+0000RМаусAMUTC_0C 0

«Облыстық жастар денсаулығы орталығының» директоры, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.А.Калмакова ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлына алғыс хат табыстады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға бір айлық азық-түлік үлестірілгенін хабарлаған едік.

Осыған орай, аталмыш мекеме басшысы 1-маусым күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде балаларды қорғау күніне өткізілген кең көлемдегі акцияда тұрмыс жағдайы төмен жас отбасыларға материалдық және рухани қолдау көрсеткені үшін өкіл имамға «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» мекемесінің және көмек алған жандардың атынан алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өкілдікке қарасты қала және аудан мешіттері бас имамдарының қатысуымен алқалы жиын өткізді.

Жиында Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы аймақ имамдарына Қасиетті Рамазан айының жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, облыс бойынша І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар қысқаша шолу есебі жүргізіліп,   ІІ-жарты жылдықта атқарылатын шаралар мен жұмыстар жоспары пысықталып, талқыланды.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Қызылорда: Иманды бүлдіршін – ел болашағы

Published in ІС-ШАРАЛАР UTC+00:000_K2_СсAMUTCE_Маусым+0000RМаусAMUTC_0C 0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің жазғы сауат ашу курсында тәлім алған шәкірттерге сертификат табыстады.

Қасиетті Рамазан айында басталған жазғы сауат ашу курсында орталық мешіттің білікті ұстаздары шәкірттерге әдеп, қысқа дұғалар, «исламдағы 100 сұрақ» кітабы бойынша сабақтар берді.

Екі аптаға созылған курс соңында мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен «Иманды бүлдіршін – ел болашағы» атты рухани кеште бітіруші шәкірттер ұстаздарынан үйренгендерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған соң, шәкірттер Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманынан көрініс қойып, тағылымды өлең оқып, «Исламдағы 100 сұрақ» кітабы бойынша сұрақ-жауап сайысында бақ сынасты,

Кеш соңында Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы курс барысында өткізілген «Салауат айтып, сауап ал» және «Менің сүйікті мешітім» тақырыбында сурет салу сайыстарының жеңімпаздарын марапаттап, құттықтады.

Бұдан кейін, балаларға өз есімдері жазылып, арнайы пісірілген тәтті нандар мен сусындар үлестірілді.

Кеш қонақтары болған ата-аналар мешіт ұстаздарына ризашылықтарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Күндердің сұлтаны жұмаға сәйкес келген Ораза айт мерекесінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері мешітке келген жамағатты қуанышқа бөледі.

Бас мешітте Айт намазын оқуға жиылған жамағат ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының уағызын тыңдап, Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, дұға жасады.

Бұдан кейін, Өкіл имам барша халықты құттықтап, айт мерекесінің құрметіне арнайы пісірілген ұзындығы 3 м, ені 1 м тәтті нанды өз қолымен үлестірді.

Сонымен қатар, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің алдында тігілген қазақы үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, балаларға сусындар таратылды.

Халықтың ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған игі шараға куә болған жамағат мерекелік көңіл күймен тарқады.

Жалпы облыс бойынша барлық мешітте Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Мың айдан да қайырлы болған қасиетті Қадір түнінде облыс әкім Қырымбек Елеуұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада 500-ге жуық адамға ауызашар, 500 адамға сәресі беріп, барша жамағатты Рамазан айының мүбарак түнімен құттықтады.

Бас мешітте ашылған «Құран жаттау орталығы», «Кітапхана», «Араб тілі орталығы», «Кеңес беру орталығы» жұмыстарымен, жаңартылған жаңа үлгідегі мешіт кілемдерімен, өзге де өзгерістермен танысқан аймақ басшысы өкіл имамға алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Облыстық мешітке келушілер ақшам намазынан кейін асханада ауыз ашып болған соң, білікті ұстаздардың уағыздарынан сусындап, құлшылықтарын жасады.

Тарауық намазынан кейін Хатым дұғасы жасалып, Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қариға тарауық намазын жоғары деңгейде өткізіп, өз үлесін қосқаны үшін қазақы дәстүрмен шапан жауып, алғыс хат табыстады.

Бұдан кейін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, Рамазан айының құрметіне облыстық мешіттер шәкірттері арасында өткізілген «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» жарысы мен облыс тұрғындары арасында болған «Менің алғашқы оразам» шығарма жазу бәйгесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

«Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан» өткізілген сайыс қорытындысы бойынша:

І-орын – Әлиакбар Жәдігер (70 000 тг);

ІІ-орын – Мұхаммеджанұлы Бақытжан (50 000 тг);

ІІІ-орын – Мұхаммедқали Қайрат (30 000 тг) оза шауып, байқау жүлделерін қанжығаларына байлады.

«Менің алғашқы оразам» шығарма жазу бәйгесінің хат қоржынына 50-ден аса шығарма түсіп, арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімі бойынша:

І-орын – Болатова Майра (50 000 тг);

ІІ-орын – Қаржаубаева Гүлнұр (30 000 тг);

ІІІ-орын – Сыпабек Құралай (20 000 тг) жүлделі орындарға ие болып, үздік деп танылды.

Сонымен қатар, кеш барысында сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, өкілдік тарапынан сыйлықтар тағайындалды.

Мешіт жамағаты кемел құлшылық түнін сәресі ішіп, таң намазын бірге оқумен аяқтады.

Облыс көлемінде барша мешітте Қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде өткізіліп, жамағат ауызбіршілігі арта түсті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні қарсаңында, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде 100 отбасыға қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қасиетті айда осымен екінші рет өз жалғасын тауып отырған игі шарада 20 зағип жанға және 80 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыға бір айлық азық-түлік үлестірілді.

Сонымен қатар, дәл осы күні Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлының «Облыстық Қан орталығының» қызметкерлерін Рамазан айымен арнайы құттықтап, мүбарак айдың берекеті мен шарапаты жайында уағыз айтты. Бас имамның қатысуымен қызметкерлерге ауызашар тәттілері салынған қораптар сыйға берілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


БАС МҮФТИ: ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

Published in ЖАҢАЛЫҚТАР UTC+00:000_K2_ДсAMUTCE_Маусым+0000RМаусAMUTC_0C 0

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Қадірлі жамағат!

Баршаңызға қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын!

Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

 لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر

«Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген.

Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымы. Өйткені, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз – бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадір түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық еткен пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады. Ал, әр жыл сайынғы Қадір түнін қаперге алсақ, онда мұсылман баласының қамшының сабындай қысқа ғұмырда жинаған сауабынан биік тау тұрғызатынын көзге елестетуге болады.

Иә, Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Себебі, қасиетке толы бұл кеште жер бетіне сан мыңдаған періштелер түседі. Періштелер тіпті жер бетіне сыймай, бір-біріне сығылысады. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадис-шарифінде: «Ол түні жер бетіне түскен періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп», – деп хабарлайды.

Періштелер мүміндерді айнала қоршай Алла Тағаланың оларға деген кешірімі мен мейірімін айтып сүйіншілейді. Алла Тағала Құран Кәрімде:

سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ

«Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады (Қадір, 5) – деп баяндайды.

Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді.

Қадір түнінде Алла ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерді арттыру, Құран Кәрімді оқып, тыңдап, түсінуге ынта қою, мешітке барып уағыз-насихат тыңдау, Жаббар Хаққа тәубе мен истиғфар жасау, Алла Тағаланы ұлықтау, еліміздің бірлігі мен игілігі, жер бетіндегі күллі мұсылмандар үшін дәйім дұға жасау – сауапты һәм абзал амалдардың бірі. 

Құрметті бауырлар!

Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылып, жан-жүрегімізбен Алаштың қамы үшін дұға-тілек жасайық. Алла-Тағала Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп, дәйім қасиетті Қадір түнін қарсы ала беруді жазсын! Әмин!


БАС МҮФТИ: "ҚАДІР ТҮНІ - ТАҒДЫР ТҮНІ"

Published in ЖАҢАЛЫҚТАР UTC+00:000_K2_ЖсPMUTCE_Маусым+0000RМаусPMUTC_0C 0

Серікбай қажы ОРАЗ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти

ҚАДІР ТҮНІ – ТАҒДЫР ТҮНІ

Бисмилляхир-Рахманир-Рахим!

Әр жылдағы ауыз бекітудің өз ауыртпашылығы мен жеңілдігі бар екені белгілі. Биылғы жылы мұсылман үмбеті мамыражай мамырдың бел ортасынан саратанның сартап ыстығына дейін отыз күн ораза тұтуға ниет етті. Қыстан жүдеп шыққан төрт түлік малдың аузы көкке ілініп, диқаншы қауым қара жерге тұқым сеуіп, шаруаны ыңғайлаған сәтте – қасиетті Рамазан айы кіріп келді. Мінекей, Рамазан айы туғаннан бері мұқым мұсылман баласы күндіз ауыз бекітіп, кеш-құрым жапа-тармағай мешітке ағылып, тарауих оқып, қаздай шулап Хақ-Тағаланы ұлықтап, құлшылық етуде. Әлбетте, парқына жете білгенге уақыт деген ағыстың ішіне бүккен өз сыр-хикметі бар екені хақ. Десе де, қасиетті айдағы теңдессіз илаһи тағдыршешті сәт – ол Қадір түні екені әмбеге аян. Сонымен, мұсылман үмбеті үшін Қадір түні несімен қастерлі? Не себепті қадірлі?                            

«Қадір» сөзінің анықтамасы

Қасиетті кештің (ليلةُ القدر – ләйләтул-қадір) ерекшелігін жан-жақты таратып айтатын Құран Кәрімде Қадір сүресі бар. Қадір сүресі бес аяттан тұратын қысқа ғана зәм сүресі саналғанымен, оның рухани салмағы аса зор. Мәшһүр муфассир-ғалым Ибн Кәсир өз еңбегінде «Қадір» сөзіне төмендегідей анықтамалар берген:

Біріншіден, «Қадір» сөзі «үкім кесілетін түн» мағынасын береді. Бұл хақында Құран Кәрімде:

فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ 

«Ол кеште барлық хикметті істер айырылады», (Дұхан, 4) – деп бұйырылады. Осыған орай, Қадір түнінде Алланың тағдырды үкім ететін мезгілі, яғни әуелгі тағдырдың (ләухул-махфуз) паш етілуі меңзелген.

Екіншіден, «Қадір» сөзі «абырой, ұлылық, орасан зор» мағынасын береді. Себебі, Қадір түні – ұлық және аса қасиетті кеш болып саналады. Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Құран Кәрімде бұл турасында:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ 

«Қадір түні мың айдан да қайырлы», (Қадір, 2) – деп баяндалады.

Үшіншіден, «Қадір» сөзі «сығылысу, нығыздалу» мағынасын береді. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскенде жер жүзі тарлық етіп, олар сыймағандықтан бір-біріне сығылысады. Бұл жайлы Құранда:

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Періштелер және Жәбірәйіл (ғ.с.) осы түні Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі», (Қадір, 3) – деп баяндалады.

Мың айдан да қайырлы түн

Ибн Әбу Хатм жеткізген риуаятта: «Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына Исрайл ұрпақтарының ішінде Аюб, Зікірия, Хазикал, Нұн атты төрт адамның Хақ жолында сексен жыл қызмет еткенін, басқа риуаятта мың ай мүлтіксіз құлшылық жасағанын баян етеді. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үзеңгілестері сексен жыл Алла жолында күрескенін немесе құлшылық еткен Исрайл ұрпақтарының жансебіл әрекетін естіп, оған таңдай қағады. Осы сәтте, Жебірейіл періште Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

 لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر

«Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілейді.

Әлбетте, сүйіншіленген бұл илаһи қуаныш Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымдылығын әйгілейді. Себебі, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадыр түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық қылған пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады. Ал, әрбір жыл сайынғы Қадір түнін қаперге алсақ, онда мұсылман баласының қамшының сабындай қысқа ғұмырда жинаған сауабынан биік тау тұрғызатынын көзге елестетуге болады.

Жер беті сәлеметке тұнады

Ибн Аббас жеткізген риуаятта: «Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): Қадір түні Сидратул-Мунтаһадан барлық періштелер, оның ішінде Жебірейіл (ғ.с) де бар, жер бетіне түседі. Олар өздерімен бірге бірнеше ту ұстап түседі. Тудың біреуін менің қабірімнің үстіне, біреуін Байт-ул-Мақдистің үстіне, бірін Масжид-Харамның үстіне, біреуін Туру Синаның үстіне тігіп, желбіретеді. Олар сәлем бермеген жер бетінде мүмін еркек пен мүмін әйел адам қалмайды. Ішімдік ішкен, доңыз етін жегендерден тыс» деп хабарлайды. Бұл туралы Алла Тағала Құран-Кәрімде:

 تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадір, 4) – деп бұйырылады.

Иә, Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Себебі, жер бетіне сан мыңдаған періштелер түседі. Періштелер тіпті жер бетіне сыймай, бір-біріне сығылысады. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадис-шарифінде: «Ол түні жер бетіне түскен періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп» (Ахмад, 10316) деп хабарлайды.

Періштелер мүміндерді айнала қоршай Алла Тағаланың оларға деген кешірімі мен мейірімін айтып сүйіншілейді. Бұл турасында Алла Тағала Құран Кәрімде:

سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ

«Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады (Қадір, 5) – деп баяндайды.

Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді. Таң ағарып атқанға дейін періштелер сәлеметі жер бетіне себезгілеп, мұсылман үмбетінің жүрегіне тыныштық пен жан рахат орнайды. Сайд ибн Мансур келтірген риуаятта: «Бұл түн  – бейбітшілік түні. Қадір түнінде шайтанның адамдарға жамандық жасауға қауқары жетпейді. Бұл түні барлық істер белгіленіп (тағдыр жазылады), рызықтар айырылады» деп хабарланған.

Қадір түні. Ол қай түн?

Хақ Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Қадір түні туралы мәшһүр хадис шарифтердің бірі Әбу Сайд ал-Худридің риуаяты еді. Бұл риуаятта Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанның алғашқы он күнінде иғтикаф жасады. Ортаңғы он күнде жабағы жүннен жасалған Түрік шатырында иғтикаф жасады. Шатырының есігінде саздан жасалған перде болатын. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) пердені шатырдың бір бұрышына ысырып қойды. Сосын терезеден басын шығарды. Дүйім жұрт оған жақын келді. Ол (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен Қадір түнін іздеп Рамазанның алғашқы он күнде иғтикаф жасадым. Содан кейін ортадағы он күннен іздеп, тағы да иғтикаф жасадым. Кейін маған періште келіп: «Қадір түні соңғы он күнде» деді. Және: Менімен бірге иғтикаф жасағандар қаласа соңғы он күнде де иғтикаф жасасын» деді. Естіген адамдар Пайғамбарымызбен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бірге иғтикаф жасады. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оларға: «Маған Қадір түні тақ түні көрінді» деді.

Қадір түні туралы Убай ибн Кағб жеткізген риуаятта: «Аллаға серт! Ибн Масғуд (р.а.) оның Рамазанның жиырма жетінші түнінде екенін білді. Бірақ босап кетулеріңнен қорқып, оны сендерге білдіруді жек көрген болатын» (Бұхари, Қадір: 1) дейді.

Осы соңғы риуаятты негізге алған ислам ғұламалары мұсылман үмбетін жыл сайын Қадір түнін Рамазан айының жиырма жетісі түні қарсы алуға үндейді. Әлбетте, Рамазан айының соңғы он күні, оның ішінде тақ күндері Қадір түні болуы әбден ықтимал.

Қасиетті кеште атқаратын амалдар

Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

  • Қадір түнінде Алла ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.
  • Құран Кәрім оқып, тыңдап, түсінуге ынта қойып, оған деген сүйіспеншілік байланыс орнатуға тиістіміз.
  • Алла Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, шапағатынан үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызға шүкіршілік жасап, оның жолын берік ұстануымыз шарт.
  • Мешітке барып уағыз-насихат тыңдап, жүректі кір-қоқыстан шайып, көңіл айдынын илаһи нұрға толтыруымыз керек.
  • Қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін мамандарымен сұхбат құрып, мұсылман үмбетінің бірлігі мен ынтымағын арттыруға мән беруге тиістіміз.
  • Жаббар Хаққа тәубе мен истиғфар жасап, нәпсімізді есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуымыз шарт.
  • Алла Тағаланы зікір етіп, тафаккур жасап, Ұлы Жаратушының құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын ұғынуға ұмтылып, иман һәм иһсан байлығын күшейтуіміз қажет.
  • Дәйім дұға жасауымыз керек. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін бұл түні: «Уа Аллам! Сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр» деп дұға жасауға шақырған.
  • Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болса, мүбәрак түннің рухымызға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректен орын алады.
  • Қадір түні Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылман үшін дұға-тілек жасауымыз керек. Қала берді, бейбіт ғұмыр сұрап: «Күллі адамзатты апаттардан сақта» деп тілеуіміз шарт.
Түйін

Хақ-Тағаланың бір түндік ғибадатты мың айдан да қайырлы етуі, сөз жоқ, Жаббар-Хақтың мұсылман үмбетіне деген ерекше мейірімі мен рахымдылығы еді. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына нанып, Алладан сауабын күтіп, құлшылық қылса, жасаған күнәлары ғафу етіледі» (Бұхари, Қадір, 1) дейді. Иә, мұндай мүмкіндік һәм мұндай мың айдан да қайырлы мезет мұсылман үмбетінің пешенесіне ғана жазылған илаһи тарту. Олай болса, қадірменді ағайын Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылып, жан-жүрегімізбен Алаштың қамы үшін дұға-тілек жасайық. Алла-Тағала Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп, дәйім қасиетті Қадір түнін қарсы ала беруді жазсын! Әумин!


Қасиетті айда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің әйел шәкірттері Құран Кәрім сүрелерін жатқа оқудан сынға түсті.

80-ді алқымдаған қария анамыздан бастап 6 жасар балақайға дейін үміткерлер қатысқан сайыс екі номинация бойынша өткізілді.

Алдымен Құранның «Фил мен Нас сүрелері» аралығындағы сүрелерді жатқа оқудан сынға түсіп оза шыққан сайыскерлер:

І-орын – Байтөре Жаннұр (10 000 тг);

ІІ-орын – Жасағанбергенова Әсем (7 000 тг);

ІІІ-орын – Әби Салтанат (5 000 тг) иеленсе,

«Духа мен Нас сүрелерін жатқа оқу» номинациясы бойынша:

І-орын – Қуандық Ақерке (20 000 тг);

ІІ-орын – Байназар Перизат (15 000 тг);

ІІІ-орын – Төлепберген Гүлайым (10 000 тг) бәйге жүлделерін қанжығаларына байлады.

Жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталса, өзге қатысушыларға өкілдік тарапынан алғыс хаттар табысталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Page 1 of 138
Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы