Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016   |   508 рет оқылды

ҚОНАҚЖАЙ ОТБАСЫ

Алла елшісі өзінің қонақжайлылығымен, жомарттығымен де ерекшеленетін. Ол кісіге қонақтар өте көп келетін. Бірде алыстан келген қонаққа арнап, ас дайындауды бұйырады.

Әйелдері түскі асқа үйде ештеңе қалмағанын жеткізеді.
Пайғамбар қасындағы сахабаларынан:
— Кім менің қонағымды тойғызады? - деп сұрайды.
Әбу Талха есімді сахаба:
- Мен тойғызамын. Сіздің қонағынызбен асымызды бөлісу—біз үшін үлкен құрмет, - дейді. Ол үйіне шаттанып жетеді де әйеліне:
— Пайғамбарымыз с.ғ.с. бізден қонағын күтіп беруімізді өтінді, — дейді. Әйелі:
— Бұл шын мәнінде үлкен қуаныш. Дегенмен, үйде балаларға қалдырған азын-аулақ тамақтан басқа түк жоқ, - деді қиналана. 
- Сен қонақ күтудің қандай игілікті іс екенін білесің ғой. Балаларды ертерек ұйқтатып тастай аласыңба - деп сұрайды Әбу Талха. Әйелі бұл ойға қуана келіседі. Балаларын ертегі айтып, кешкі ассыз ұйықтатып тастайды. Сонан соң тамақты дайындап болып, еріне:
— Тамақ бір адамға әрең жетерліктей. Ал қонақ біздің де жеуімізді бұйырады. Біз қосылсақ, ол аш қалады. Не істейміз? 
–  Онда былай етейік, - дейді Әбу Талха - Сен асты алдымызға қойған соң шамды байқамағансып сөндіре салайық. Содан соң екеуміз де табаққа қолымызлы апарып, ауызымызға әкеліп, жеп отырғандай болайық. Сонда қонақ бәріміз де жеп отырмыз деп ойлайды.

Әбу Талха мен әйелі өздерінің, балаларының аш қалатынын ойламастан, тек қана ашыққан адамды тойғызуға тырысады. Ертеңіне қонақ қатты риза болып аттанады.
Бұл оқиғаны ешкім білмес те еді, Пайғамбарға с.ғ.с. Аллаһ тарапынан уахи келді. Онда былай делінген:“Олар Аллаһ Елшісін және өздеріне босып келгендерді өздерінен де артық көреді. Өздері таршылық көре тұра, оларға берген нәрселері жайында көңілдерінде күмән болмайды. Сарандық жасаудан аулақ болғандар игілікке бөленеді” (Хашыр 59-9). *
Расулуллаһ мұны білгенде қатты қуанып, сахабаларға айтып береді. Осы оқиғадан соң Аллаһ Тағала Әбу Талханың отбасының мерейін мәңгілікке биіктетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы