Жұма, 06 Мамыр 2016   |   600 рет оқылды

ТОЗАҚ ОТЫНАН САҚТАНАТЫН ҚАРУ

Халид бин Ғимраннан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жиналған қауымға:
- Сақтанатын қаруларыңды алыңдар, — деді. Сонда қауым:
- Дұшпаннан сақтанатын қару ма? -деп сұрады. Алла елшісі:
- Жоқ, тозақ отынан сақтанатын қару, — деді. Қауым:
- Тозақ отынан сақтанатын қару не? — деп сұрады. Алла елшісі (ғ.с.) оларға:
- Субханаллаһу уалхамду лилләһи уәлә иләһә иллаллооһу Аллоһу акбар Лә халә уәлә қууата иллә билләһил ғалиюл ғазим деген калима, — деп жауап берген екен.

Ибн Ғаббастан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алла Тағала Ғарш ағланы жаратып оны періштелерге «Көтеріңдер» деп әмір береді. Ғарш ағланың ауырлығы соншалық періштелер қанша талпынса да көтеруге шамалары келмеді. Сонда Алла тағала оларға «Субханаллоһу деген калиманы айтып тұрып көтеріңдер» деді. Періштелер осы калиманы үздіксіз айтып тұрып көтергенде Ғарш ағла жеңіл болды. Осылайша періштелер бір ғасыр бойы көтеріп тұрды. Алла тағала кейін Адам атаны жаратып денесіне жан кіргізді. Сонда Адам ата түшкүріп көзін ашты, осы кезде Алла тағала Адам атаның жүрегіне илхам етіп білдіріп «Әлхамдулилләһи» кәлимасын айттырды. Адам ата айтқан кәлиманы естігенде Алла тағала «Иархамука роббака» деп жауап қайтарды. Осының бәрін көріп тұрған Ғарш ағланы көтеруші періштелер екінші қылып Әлхамдулилләһи кәлимасын қосып үздіксіз айтып тұрды. Ғарш ағла одан да жеңілдей түсті. Періштелер тағы бір ғасыр бойы Нұх (ғ.с.) пайғамбардың заманына дейін осылай көтерді. Нұх (ғ.с.) – ның қауымы ең бірінші пұтқа табынған қауым еді. Алла тағала Нұх (ғ.с.) – ға уахи етіп қауымыңа «Лә иләһә иллаллаһ деген кәлиманы үйрет» деп бұйырды. Ғарш ағланы көтеруші періштелер үшінші қылып Лә иләһә иллаллаһу кәлимасын қосып тағы бір ғасыр Иброһим ғ.с – ның заманына дейін көтерді. Алла тағала Иброһим (ғ.с.) — ға ұлы Исмағил (ғ.с.) – ды құрбандық етуін бұйырды. Иброһим (ғ.с.) ұлын құрбандықа шалайын дегенде Алланың әмірімен пышақ кеспеді. Осындай адал ниетіне Алла тағала разы болып үлкен қошқарды сыйлады. Қошқарды көрген Иброһим (ғ.с.) қуанғаннан «Аллоһу акбар» деп айғайлады. Ғарш ағланы көтеруші періштелер төртінші қылып Аллоһу акбар кәлимасын қосып алды. Олар үздіксіз Субханаллоһу уәлхамдулилләһи уәлә иләһә иллаллоһу аллоһу акбар кәлимасын айтып ғасырлар бойы көтеріп тұрды. Бір күні періштелер: «Иә жаратушы иеміз, біз қашан дем аламыз» — деп сұрады. Сонда Алла тағала оларға: «Қиямет жақындағанда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар келеді, ол үшін (с.ғ.с.) және оның үмбеті үшін бес уақыт намаз парыз етіледі, олар әр намаздың соңында тасбих айтады, осы кезде сендер демаласыңдар» — деп жауап қайтарады.

Осы хабарды Пайғамбарымыз (ғ.с.) Жәбрейіл (ғ.с.) – нан естігенде «Лә хаулә улә қууатә иллә билләһил ғалиил ғазим» деген екен.

Бір хабарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларға (р.а.) садақа берудің сауабын айтады. Олар міскіндерге садақа бере бастайды. Осы кезде Умамат (р.а.) ернің жыбырлатып отырады. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) қасына келіп: «Ей Умамат (р.а.), не істеп отырсың» дегенде Умамат: «Иә Алланың елшісі (с.ғ.с.), менің садақа етіп беретін еш нәрсем жоқ, сосын Субханаллоһу уәлхамдулилләһи уәлә иләһә иллаллоһу аллоһу акбар кәлимасын айтып отырмын» — дейді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Иә Умамат (р.а.), алтын садақа еткеннен осы айтқан калима сен үшін әлде қайда хайырлы болды» — деген екен.


Әлімқұл Медет қажы Құралұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы