Сейсенбі, 05 Шілде 2016   |   785 рет оқылды

Жәннәтқа жетелейтін амалдар

 Сүйікті Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Қандай амалдар жәннәтқа кіргізеді?»-деп сұрағанда айтқан амалдарының саны өте көп. Сондықтан тек негізгілеріне тоқталайық.

«Кімде кім Аллаға серік қоспай дүниеден өтсе, ол адам жәннатқа кіреді»

«Егер Аллаға және Пайғамбарларға иман келтірсе,  рамазанды тұтса, онда оны жәннәтқа кіргізуді Алла Тағала мойнына міндет етіп алады».

«Егер  бір кісі Алла үшін мешіт салдыратын болса, онда ол адамға жәннәттан дәл сондай ғимарат салынады».

«Екі салқын намазды оқыса жәннатқа кіреді. Қай уақытта салқын болады? Таңда салқын болады және кешке салқын болады. Жалғыз емес жамағатпен оқыса жәннәтқа кіреді. Кімде-кім таңда және кешке мешітке баратын болса Алла Тағала оған мешітке барғанымен келгендегі жолындай жол дайындайды. Қанша ұзақ жүрсе жәннаттан сонша жол нәсіп етеді» 

 «Кімде-кім екі жағымен, екі аяғының арасындағыға кепілдік болса, ол адамға мен жәннәтта кепілдік боламын».

Міне, осы аталғандарды қалтқысыз орындап, тек жәннатқа жетелейтін ізгі амалдар жасайық.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы