Сенбі, 30 Шілде 2016   |   1900 рет оқылды

Намаздағы ықыласты арттыру жолдары

«Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим» - дегенді шын жүректен айтып, сол сөздердің мағынасын түсінген кезде ғана пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде келтірген адамдар қатарына қосыламыз.    

  Намаз оқып жатқанда осы айтып жатқан мақтаулар мен құлшылықтар шын жүректен айтылмаса, қабыл болмайды. «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» жай ғана сөз болып қалады. Ол кезде Алла Тағала естідім деген жауап қатпайды.

 Намазда тұрғанда адам өзін Алланың алдында тұрмын деген ойда болып, Алланы жүрегімен сезіне білуі қажет.

    Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқып жатып, сақалын сипап тұрған кісіні көреді. Кейде адамдар намаз уақытысында барлық жерлерін қасып, басын сипап, намаздың сыртында істемейтін іс-әрекеттерді істейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер мына кісінің жүрегінде қорқыныш болса, оның ағза мүшелерінде хушуа болар еді»- деген.

    Адамның ең биік ағзасы - ол жүзі. Жүзімізді сәждеге барғанда жерге қаратамыз, ең төмен жерге апарамыз. Себебі, оның барар жері - қара топырақ. Кішіпейілділікті сезінетін кез – ол Сәжде.  Адам  Сәждеде тұрған кезде өзінің әлсіз пенде екенін сезінеді. Адам кішіпейіл болған кезде Алланың назары түседі. Ол тәккаппар адамға назары түспейді.

    Адамдар қиямет күні сәжде жасағысы келеді, бірақ, жасай алмайды. Ол кезде беліңіз қақайып қалады.  Ал қазір біздің сәжде жасағанымыз - үлкен нығмет.

    Ең үлкен намаз - құлшылықпен оқылған намаз. Құлшылық – біздің иманымыздың жемісі.

    Умар ибн аль-Хаттаб (р.а) айтқандай: «Бір кісі исламда жүріп шашы ағарады. Бірақ, бір рет болса да намаз оқымаған». Оны естігендер: «Бұл қалай?» -деп сұрайды. «Ол кісі ешқашан намаз оқығанда шын хушуа жасамаған. Бүкіл өмірін исламда өткізсе де, екі ракат намазды құлшылықпен оқымаған. Сондықтан намазы қабыл болмайды» - деген.

    Алла Тағалам баршамызға тек құлшылықпен намаз оқуды жазсын. Намаз оқығанда жүрегімізде үміт пен үрей басым болуды нәсіп етсін.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы