Бейсенбі, 11 Тамыз 2016   |   493 рет оқылды

Нәпсімен мәміле

 Мурабата –  адам мен нәпсінің арасындағы келісім, кемелденуге алып баратын бірден-бір жол. Әр пенде бұл өмірге сынақ үшін келгенін естен шығармауы керек.

    Адамның  сауап немесе күнә жинайтын жеті түрлі ағзасы бар.

    Алла Тағала тозақ жайлы былай деген: «Тозақтың жеті есігі бар. Қай ағзасымен көп күнә жасаса соған қарай өз жазасын тартады».

    Ағза мүшелеріне өз міндеттерін  жүктегеніміз абзал - көзімізге: «Басқа адамдардың әуретіне қарама, жаман нәрселерді көруден аулақ бол, Алла Тағала сені өзін танып білу үшін, ғибратты нәрселер көру үшін жаратты» деген сияқты.

    Кейде шайтан адамдарды харам істермен арбай алмаған соң, адамға ешқандай пайдасы жоқ нәрселермен арбайды. Егер бір кісі өзгеге менсінбей қараса, сол үшін де Алланың алдында жауапқа тартылады. Адамның тілінен жеңіл нәрсе жоқ. Адам аңдамай сөйлегені үшін жетпіс жыл тозаққа баруы мүмкін.       

    Адам әр жеген тамағы үшін жауап береді. Дәл сол сияқты адам өзінің аяқ-қолы үшін де сұралады. Жоғарыда айтып өткеннің барлығы адамның нәпсісімен келісім жасауы болып табылады.

    Екінші мәселе – сол келісім шартты дұрыс орындап жатырмыз ба, сол жағын ойлануымыз керек.

    Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) Жебірейіл (а.с): « Ислам не? Ихсан не? Иман не?» деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ихсан дегеніміз – ол  Алла Тағаланы көріп тұрғандай сезімде өмір сүру. Ихсан – иман  мен исламды байланыстыратын көпір» депті.

    Адам Алланың бақылап тұрғанын сезінсе, жамандықтан тыйылып, жақсылыққа ұмтылады. Басқаларға уағыз жүргізбес бұрын ол адам өзіне уағыз жүргізуі керек.  Адамдар тек сыртқы дүниеңізді ғана көруі мүмкін, ал Алла Тағала сіздің жүрегіңізде не бар екенін біледі. Адам өзінің нәпсісін тыюдың ең абзалы - өзін  Алла Тағала көріп тұрғанын сезіну. Біз әрбір ісімізде Алла Тағалаға мұқтаж екенімізді ұмытпайық. Егер адам күнә жасап жатқанда Алла мені көрмей қалады дейтін болса ол адам діннен шығарылады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы