Дүйсенбі, 10 Қазан 2016   |   1161 рет оқылды

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тағы бір тыйымы ғылыми дәлелін тапты

Тамақтану кезінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған тағы бір нәрсе жақында ғана ғылыми дәлелін тапты.

Адам ағзасында зиянды микробтармен күресетін пайдалы бактериялар өмір сүреді. Солардың бірқатары адамның тамағында (жұтқыншақ) шоғырланған. Адам ыстық асты суыту үшін үрлегенде тамақтағы бактериялар деммен бірге ыстық асқа түседі. Ыстық бумен араласып, әлгі пайдалы бактерияларымыз зиянды бактерияларға айналып, асқазанымызға қайта түседі. Ол гастрит, язва (ойық жара) сияқты асқазанның ойық жараларының пайда болуына себепкер болады, сондай-ақ асқорыту жүйелерінің зақымдануына әкеп соғады.

Ал Ибн Аббас (р.а.) былай деген:

«Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ыдыстың ішіне дем алуға немесе үрлеуге тыйым салды» (Тирмизи, әшрибә 15).

islam.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы