Сәрсенбі, 09 Қараша 2016   |   740 рет оқылды

Үш жерде адам ешкімді еске алмайды

Хазірет Айша (Оған Алла разы болсын) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп не үшін жылағанын сұрады.

 Ол:

– Уа, Алланың Елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де:

– Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі оған:

– Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді,

– Біріншіде, таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін;

Екіншіде,амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін;

Үшіншіде, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін. (Муслим)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы