Сәрсенбі, 30 Қараша 2016   |   377 рет оқылды

Ислам және медицина

Медицина тарихының түп-тамыры 5000 жыл Месопотамия мен Мысыр мәдениеттеріне дейін жалғасады. Еуропа әлі дами қоймаған шақта Ислам әлемі ғылым мен өнерде алтын дәуірге қол жеткізіп, Қытай мен Үндістан, батыста Еуропамен қарым-қатынаста болған. Араб тілі кең аймақта қолданысқа ие болып, ғылымның ортақ тіліне айналды. Мұсылман ғұламалар математика, физика, астрономия, оптика, химия, медицина мен дәріханалық салаларда таңғаларлық биік деңгейге жетті.

Христиан діні алғашқыда ғылым мен медицинаға қарсылық білдірсе, ислам діні ғылым іздену – құлшылық деп ұғып, ғылым салалары – Алланы танытатын дәлелдер деп оған қолдау көрсетті. Көптеген аяттары арқылы Құран адамды табиғатты зерттеуге құлшынып, ондағы астарлы хикметтерді көре білуге шақырды.

Еуропада орта дәуірде жалаңаштық не дененің жалаңаштануына қатысты не нәрсе болса да азғындық деп қабылдағандықтан шешіну не шомылу күнә болып саналатын. Сол уақытта Францияға жолы түскен мұсылман саяхатшысы Тартуси киімдері енді киюге келметіндей іріп кеткенде ғана ондағы халықтың сол киімді шешетіндігін жазған. Еуропада тазалық талабы қарапайым гигиенаның болмауы – бой дәрет-ғұсыл құйнуды діни міндет ретінде қабылдаған мұсылмандарды қатты таңғалдырды.

1163 жылы Папа Александр III дұға оқуға көп уақыт жібергенше, емдеумен айналысу үшін көбірек уақыт жұмсаудың анағұрлым тиімді екендігіне поптардың назарын аударумен болды.

Алғашқы сауықтыру емханасы 707 жылы Шамда ашылды. Ол Түркістаннан Андалусияға дейінгі мұсылман елдеріне тез тарады. X ғасырда Құртубада 50 емхана жұмыс істеген. Шәкірттер танымал дәрігерлердің бақылауында жұмыс істеу үшін Тунистен Иранға, Каспий теңізінен Каирге дейін жол жүретін. Алғашқы Еуропа емханалары болса 1224 жылы Падуада, 1224 жылы Наполий мен Парижде, ал 1254 жылы Андалусияда салынған.

Орта шығыста крест жорықтарына қатысқан әскерлер мұсылман емханаларын көп көрген. Соларға еліктеп салуға 500 жыл уақыт қажет болды.

Мұсылмандар әлемдік саудаға қатты ықпал жүргізіп тұрған шақта мұсылман елдеріне түрлі мемлекеттерден көптеген өсімдік түрлері жеткізілетін. Алғашқыда дәрігерлер арнайы дәрілерді өздері жасайтын. Кейіннен ол сала жеке басына дамып, 754 жылы Бағдатта тұңғыш дәріхана ашылды.

Қысқаша айтқанда, ғылымның көптеген салаларымен қатар медицина мен дәрі жасау саласында да мұсылман ғалымдарының батыстықтарға жол ашқаны шындық. 

Аударған: Ералы Қанатұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы