Жұма, 13 Қаңтар 2017   |   478 рет оқылды

ЖƏННАТҚА КІРУ ЖОЛЫ

Сұрақ: 
«Кімде-кім жәннатқа кіргісі келсе, дүниеден иманды болып өту керек және өзіне қандай қатынас қаласа, өзгелерге сондай қатынас көрсету керек» деген хадис сенімдіме?

Жауап:
Имам Табарани (оған Алланың рақымы болсын) бұл хадисті Абдулла ибн Амрдан(оларға Алла разы болсын) әлсіз иснадпен хабарлаған. (Әл-Мұғжәмүл Әусат, 4738 хадис. Мәжмәғүз-Зәуәид, 8 том)

Алайда, имам Мүслім (оған Алланың рақымы болсын) мынадай сөздері бар ұзақ бір риуаят келтіреді: «Кімде-кім жаһаннамнан аман қалып, жәннатқа кіргісі келсе, Аллаға және Қиямет күніне иман келтіріп, басқа адамдарға өзіне қалағандай қатынаспен қарасын»  (Сахих Мүслім, 1844 хадис)

Осылайша, сіз атап өткен хадисті сенімді санауға болады.

Ал Алла Тағала жақсы біледі.

Жауап берген: мүфти Сұхайл Мотала

Тексерген: мүфти Мұхаммад Әбусұмар

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы