Сәрсенбі, 08 Наурыз 2017   |   482 рет оқылды

Сізге қатысы жоқ істерге араласпаңыз!

Зұлымдығымен танылған Ирак әкімі Хажжаж (40-95/661-714) бір күні қан алдырмаққа бел байлайды. Сонымен бір қан алатын кісіге келеді. Қан алушы Хажжаждың желкесіне оңқаларды (банкаларды) қойғаннан кейін:

«Уа, әмірші! Ибн Ашғас пен араларыңда болған іс жайында және саған оның қалай қарсы шыққандығынан хабардар етуіңді қалап тұрмын» дейді.

Хажжаж:

 «Оның уақыты бөлек. Мына істен сен босағаннан кейін айтып берейін» дейді. Алайда қан алушы әлгі өтінішін бірнеше мәрте қайталайды. Хажжаж да кейін айтып беретіндігіне ант-су ішіп уәде береді. Қан алушы оңқаларды алып, қанды сүртіп жуып береді. Осыдан кейін Хажжаж қан алушыға қарап:

«Біз саған Ибн Ашғас пен арамызда болған істі әңгімелеп беруге уәде берген едік. Ант-су ішкен едік. Міне енді саған соны әңгімелеп бермекшіміз» дейді.

Артынша:

 «Уа, нөкер! Қамшыларды әкел!» дейді.

 Қамшылар әкелінгеннен соң нөкерлеріне қан алушының белден жоғары киімін шештіріп, сабауға бұйрық береді. Қамшылар суылдап жатқанда Хажжаж қан алушының тұсына отырып алып Ибн Ашғас пен арасында болған жайтты ұзағынан түсіндіре бастайды. Әңгіме аяқталғанда қан алушыға бес жүз қамшы соғылады. Қан алушы өліп қала жаздайды. Хажжаж қан алушыға қарап:

«Біз айтқан уәдемізде тұрдық. Ибн Ашғастан өзге адамдар мен арамызда болған жайттарды білгің келсе осы шарттар шеңберінде кез келген уақытта айтып беруге әзірміз» деп жүріп кеткен екен. 

P/S Сізге қатысы жоқ істерге араласпаңыз! Басқа пәле тілден. Ұмытпаңыз! Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өтсін!

Бауыржан Алиұлының парақшасынан

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы