Жексенбі, 08 Қазан 2017   |   460 рет оқылды

Тек оқысаңыз болды, сізге болады!

Қаттани мешітіне келмес бұрын Түркістан қаласында имамдық қызметте болатынмын. Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде араб тілінен дәріс беретін Мысырлық азаматпен танысқан едім. Жолым түсіп Мысырға барғанымда ол жігітпен тек телефон арқылы сөйлесіп кездесе алмадым. Өкінішті-ақ....

Әлгі араб жігіт жұма намазға біздің мешітке келетін еді. Жастар көп. Кейде менің арабшалап сөйлескенімді көріп, айналамызда топырлап тұрып қалатын. Бір күні жастардың сұранысы бойынша намаздан соң 15 минут уағыз айтып, ал мен аударып беретін болдым. Содан садақа туралы әңгіме бастап, сіздерге ұсынғалы отырған хикаяны айтып берді.

Есімі Махмұт болатын. Махмұттың Мысырда досы бар екен. Қазір елінде. Махмұт сол досының есімін айтып еді,  менің есімде қалмапты. Досы бүр күні айықпас ауруға шалдығып, өз елінде ем қонбаған соң  Европаға барады. Германияға барып диагностикалық орталықта емделуге келеді. Қабылдауында болған дәрігер, аурудың қауіпті ісік екендігін ескертіп, ота жасауға келісімін алады.

Келісімін берген соң дәрігер:

 «Еліңе бір аптаға барып кел. Отаны  келген соң жасаймыз»,- депті.

Жігіт еліне қайтып, үй ішіне жағдайын  айтады. Бұл  хабар үй ішіне ауыр тиіп, бәрі тым-тырыс қалады.  Бір апта деген өтпей кетеді. Үйден сыртқа шығып, асханаға келіп кофе ішеді. Бұл асхананың қарама-қарсы бетінде  қасапшының дүкені бар. Дүкеннің алдында бір кейуана жерге түсіп шашылған  туралған еттер, без, сіңірлерді теріп жүреді. Оны байқаған жігіт кейуананың жанына келіп:

«Апа не істеп жүрсіз?»,- деп сұрайды. Жауап болмаған соң қайта сұрайды. Екінші рет сұрағанда кемпір:

«Не жұмысың бар?»,- деп жақтырмай жауап қатады. Жігіт қоймастан қайта-қайта себебін сұрай берген соң, кемпір амалсыз жөнін айтыпты. Сөйтсе кемпірдің үйінде шеттей бала-шағалары бар екен. Ұлы мен келіні жол апатынан қайтыс болыпты. Немерелері қолында қалған, бас болар ешкім болмаған соң күнделікті ішіп-жем табуға тура келеді екен. Әлгі теріп жүрген еттің қалдықтарын, без-сіңірлерді немерелеріне алып барып қайнатып береді екен.

Бұны көрген жігіт қасапшыға келіп, кемпірге ет алып береді. Сосын қасапшымен келісіп күнделікті ет алып тұруын қамтамасыз етеді. Балалар кәмелетке толғанша үнемі қасапшыдан ет алып тұруға келіседі. Жігіт қасапшыға:

«Егер мен өлсем үй үшім кепіл болады, мен қарама-қарсы үйде тұрамын»,- деп айтады. Үйіне барған кезде әйеліне айтып тағы да пысықтап қояды. Осылайша өлім аузында тұрғанын біліп жүрген жігіт  садақа жасайды.

Қуанышы қойнына сыймаған кемпір үйіне асығып келеді. Үйге ет алып келгенде немерелері де қуанып қалады. Кішкентай немере қызы:

«Әже бұны кім берді?»,- деп сұрағанда, «Бір мұсылман, бір мұсылман берді»,- деп көзіне жас алады.

Өз бөлмесіне кіріп, кішкене қыз, алақанын жайып былайша дұға етеді:

«Раббым біз ата анамыздан айырылдық. Бізге көмек берген кісінің балалары ата-анасынан айырылмасыншы. Оларды жетім қылмашы....» (Бұл дұға жайлы жігіт еліне келіп, кемпірге қайта жолыққанда білген екен).

Бір апта уақыты толып Германияға келеді. Келген соң дәрігер қайта тексеру жүргізіп, толық тексерген соң, жігітке келіп:

«Сен кімсің?»,- деген сұрақ қояды. Сұрақты түсінбеген жігіт жауап қатпай қарап тұрады.

 Сонда дәрігер:

«Сен өткен аптада Мысырдан  келген адамсың ғой»,- дейді. Жігіт «Әрине»,- дейді. Сұрақты жаудырған дәрігер ең соңында:

 «Айтшы немен емделдің?», дейді.

 Сол кезде түсінгендей болған жігіт:

 «Не, мен ауру емеспін бе?»,-дейді.

 Дәрігер:

«Өткендегі анализдер қате болды ма, әлде жөндеп қарамадық па, бірақ не болсада сенде қатерлі ісік жоқ»,- деп жауап береді. Сол кезде жігіттің садақа бергені есіне түсіп, Пайғамбарымыздың (с.ғс.) «Садақа адамды түрлі бәле-жаладан сақтайды» деген хадисін айтады.

Махмұт бізге: «Мен осы хикаяны оның өз аузынан естігенмін»,- деп айтып берген болатын.

Batyrbyek Khadis-тің фейсбуктегі парақшасынан

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы