Жұма, 03 Қараша 2017   |   320 рет оқылды

Қазақстан – Рухани келісім мекені

Қазақ сөзі ежелден мағынасы терең ұғым. Тарихи деректердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ сөзі рухани жан дүниеңізді қозғамай тұрмасы анық. Ойланып қарасаңыз сонау «Алаш» деп ұрандатқан ата – бабалар жолынан бастау алған тамыры терең, тарихи құндылықтарға бай қасиетті мекенді Тәңірдің өзі-ақ қорғап тұрғандай болады. Кешегі өткен Жәнібек пен Керей, Абылай мен Қасым сынды ұлы тұлғалар ұлт болып қалыптасуымыздың бір кірпіштерін қалап өтсе, тоқсан бірдегі жалынды көш бір тұтас ел қылып біріктіді. Содан бері міне, жыйырма алты жыл өтті. Бүгінде еліміз төрткүл дүниенің төріне шыққан жайы бар. Жас ел болса да талай тағдырлы ел - жұрттың басын біріктірді. Қырандай желбіреген көк туымыздың астында жақсылыққа жарасқан, жаны – қазақ деп соғатын жүз отыздан аса ұлттар мен ұлыстар ғұмыр кешуде. Жүректерінде тек қана ел – жұртымыз бен елбасымызға деген шексіз алғыс. Елбасымыз бір сөзінде: «Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауы тиіс» - деп санаға сіңімді, ой өрбітер сөз өрнегін айтып өткен болатын. Осыдан-ақ бабаларымыздың «Дос болғанға құшақ жаяр доспыз» деген сөзіне дәлел аласыз.

Қазақ елі – Рухани келісім мекені. Тарих қойнауына назар аударар болсақ ешбір ел бізді жаулай алмаған. Келешекте де жаулай алмайды. Себебі біздердің мойнымызда бабалар арманы мен аманаты жатыр. Кез-келген елге зер салып қарап көріңізші? Қандай мемлекет осыншама ұлттың басын біріктіріп отыр? Сонда бұл сауалыңызға жауап таппаған күйде үнсіз ғана Жаратушыға деген шексіз шүкірлікпен қаласыз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде мүміндер бір-бірлеріне бауыр» десе, Хужурут сүресінде: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік» деп баяндайды. Ұлтымыздың қандайда бір дәстүрімен біріккен амалын қарасаңызда асыл дінімізбен ұштасқанын көреміз. Осының өзі «Қазақ» деген халықтың киелілігін айқын көрсетпек. Қасиетті мекеніміз талай сындарлы кезеңді бастан кешті. Жығылды, құлады, тепкіленді. Алайда берілмеді, басын көтерді, еңсесін тіктеді. Осылайша ғасырлар қойнауында жатқан арманды бар-жоғы 25жылда шындыққа айналдырды. Сөз соңында елбасымыздың: «Арманда кеткен арыстардың асыл мұратын біз мыңжылдықтар тоғысында қол жеткіздік. Айымыз оңынан туып, Тәңір тілекті берді. Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды. Тәуелсіздік тәуменді жұртқа тәуекел берді. Азат еліміз атағы алты құрлыққа жайылған абат елге айналып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуіне баланды. Біз осылайша тарихта есесі кеткен еңсегей елдің еңсесін тіктедік. Сөйтіп қазақ деген халықтың абыройын асырып, атын әлемге таныттық»- деген қанатты сөзімен аяқтағанды жөн көрдім. Ендігі жерде қасықтап жинаған қасиеттілікті сақтау жолында жанымызды салу бізге парыз. Бірігіп амал қылсақ бірікпейтін асу жоқ. Руханияттың алтын мекені болған елдігімізді қастерлеп өтейік, жамағат.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Құран Кәрім. Халифа Алтай қазақша мағынасы және түсінігі. Сауд Арабия, 1991ж. 605-б.
  2. Елбасының қантты сөздері – ұрпаққа өнеге «http://abai.kz/post/47978»
  3. «Қазақстан-2050» стратегиясы «»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы