Дүйсенбі, 26 Ақпан 2018   |   473 рет оқылды

ИМАН КҮШЕЙТУДІҢ 8 ТӘСІЛІ

Алла Тағала – біздің Жаратушымыз. Адам табиғатын Одан артық ешкім білмейді. Біздің иманымыз бір қалыпта, бір деңгейде тұрмайды. Әлсірейді, күшейеді. Алланың мейірім есіктері әрдайым ашық. Және Ол біздің қажеттілігімізді білгендіктен де иманымызды күштеудің көптеген тәсілдерін көрсеткен:

Алланы тану, Оның есімдері мен қасиеттерін зерттеу.

Тақуа адам өзінің Жаратушысын әрдайым зерттейді. Одан сұрайды, шүкір етеді, рахметін білдіреді. Бұл істердің барлығын Алланың көркем есімдері арқылы атқару абзал. Осы есімдері арқылы адам баласы Алласын одан сайын тани түспек. Алланың есімдері – бұл адамның жүрегі мен тіліндегі дүниенің ең көркемі.

«Аллаға шақырыңдар немесе Мейірімдіге шақырыңдар. Оған қалай шақырсаңдар да Оның есімдері ең көркем есімдер» (17:110).

Оның жаратқандарына қарап ойланыңдар

«Жер бетінде сенген адамдарға, сондай-ақ өздерің үшін де белгі бар» (51:20-21).

Барлық жаратылыс Алла Тағаланың хақтығын ғана білдіріп тұр. Жердегі құмнан бастап көз ұшындағы тауларда да байыптап қараған адам үшін ғибрат бар. Әр жаратылыс затынан Алланың құдыретін көруге болады. Барлық тіршілік Жаратушы сызып берген схемамен жалғасуда. Әр нәрсе өз орнында.

Мүмкіндік болған сайын дұға жасау.

Дұға адам жасайтын ең қуатты, ең лайықты құлшылық. Алламен дұға арқылы байланыста болудың үлкен күші және маңызы бар. Дұға – тақуаның қаруы.  Дұға адамның Аллаға деген сенімін көрсетіп, әркез оның иманын күшейте береді.

«Егер Менің құлдарым сенен Мен туралы сұрар болса, Мен оларға өте жақынмын және Маған шақырып, сұрағанға жауап беремін. Олар Маған жауап беріп, Маған сенсін, сонда дұрыс жолда болады» (2:186).


Алланы еске алу

Құранда: «Расында, Алланы еске алғанда ғана жүректер тыныштық табады» (13:28).

«О, сенім келтіргендер! Сендердің мүліктерің мен балаларың Алланы еске алмауға себеп болмасын!» (63:10) делінген.

«О, сенім келтіргендер! Алланы көп мәрте еске алыңдар, Оған таңертең және күн батқанда мадақ айтыңдар» (33:41-42).

Алланы зікір арқылы еске алу адам жүрегін тыныштыққа, көңілін алаңсыздыққа бөлейді.


Құран оқу

Құран жан мен тәннің дауасы. Құранда кез-келген сұраққа жауап бар. Алланың сөздерінде дауа бар. Құран адамның жүрегін, ақыл-санасын, жанын нұрға бөлеп, сенімін, иманын арттырады.

Білім алуға ұмтылу

«Кімге білім берілген болса, мұның Алладан екенін білсін. Бұл олардың сенім келтіруі және бойұсынуы үшін қажет. Расында Алла сенім келтіргендерді дұрыс жолға салады» (22:54).

Білім алуға талпыну лайықты түрде құлшылық жасауға, Жаратушының құдыретін тануға жеткізеді. Дұрыс білім иманды күшейтеді, мінезді көркем етеді және құлшылықты шынайы бойұсынушылықпен жасауға итермелейді.

Жақсы істер жасау

Ислам – жақсылық, мейірім мен сүйіспеншілік діні. Адам жақсы істер жасаған сайын, жақсылыққа жақын болған сайын иманы күшейе береді.

«Тақуа ерлер мен әйелдерге жақсы өмір нәсіп етіп, жасаған жақсы істері үшін сауап жазамыз» (16:97).

Жақсы адамдарға жақын жүру

Достықтың орны Исламда өте маңызды. Жақсы дос жолдасының қатесін түзейді. Қателік жасауына жол бермейді. Жақсы дос та, жаман дос та жанындағы адамға зор ықпал жасайды. Міне достың дұрыс болмағы осы үшін де маңызды.

Әмина Омарова

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы