Сәрсенбі, 17 Желтоқсан 2014   |   914 рет оқылды

Алған дәретіме жиі күмәнданамын. Не істесем болады?

Ассәләмуғалейкум! Құрметті сайт ұжымы, менің қойғым келген сұрағым мынадай: Мен дәрет алғаннан кейін, кейбір жуылуы керек ағзаларды: «Жудым ба, жумадым ба?» -деп күмәнданамын. Бұл жиі болады менде. Кейде намазда тұрып осындай ойлар келеді. Мұндай жағдайда не істеген дұрыс? Асқат


 

Уағалейкумсалам! Қадірменді Асқат, мұны екі жағдайға бөліп қарастырсақ болады:

Біріншісі – әлгіндей күмәнға сирек түсетін кісінің жағдайы. Бұл кісі дәрет алып боп, артынан жуылуы тиіс ағзаларының бірін жуған-жумағанына күмәнданса, онда сол күмәнданған ағзасын жуады. Өйткені, шынымен-ақ әлгі ағзасын жумай қалу ықтималы басым.

Екіншісі – әлгіндей күмәнға көп түсетін адамның жағдайы. Жуылуы тиіс ағзаларының бірін жуғаны жайында көп күмәнға түсетін кісі, оны шайтанның уәсуәсі деп біліп, ол күмәнға мән бермеуі тиіс. Мұндай уәсуәсәні жеңудің бірден бір жолы – оған мән бермеу болмақ. Өйткені, күмәннің жетегінде кетіп, адам күні бойы күмәннан бойын арылта алмай, басы қатады[1].

Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисін де айта кеткенді жөн көріп отырмын. Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Сендерден әлдекім қарнынан бір нәрсе байқаса, (бірақ одан) бір нәрсе шыққан-шықпағанына күмәнданса, ол кісі дыбысын естімейінше немесе иісін сезбейінше, мешіттен шықпасын»,[2] - дей келе күмәнға бой алдырмауға шақыруда.


 

[1] Бадайғ – 1/263 бет.
[2] Сахих Муслим. Сахаба Әбу Һурайрадан риуаят етілген.

Абдусамат Қасым - islam.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы