Сәрсенбі, 07 Қаңтар 2015   |   994 рет оқылды

Естімесем де «Мен – мукәлләфпін!»

«Сен саңыраусың! Саған намаз оқудың қажеті қанша??? Сен не, енді ораза ұстап, зекет бермекшісің ба? Сен кемтар емессің бе? Сенің күнәларың кешіріледі! Сенің өмірге деген өкпең онсыз да көп қой...»

Мұндай «ащы шындықты» құлақтары естімейтін мұсылмандардың жиі «естуіне» тура келеді.

Алғашында бұл «шындықты» керең балаларына рухани ақиқатты қалай жеткізуді білмейтіната- аналар айтады. Одан соң қоғам да кемтарлық кез келген құлшылықтан босатады деп сендіреді.  Ақыр аяғында, кереңдердің өздері де үнсіз ғана елден оқшауланып, қарапайым өмірлерін сүріп жүре береді.

Алайда барлық ата- ана жалған ақпараттарға сенгендіктен, адамгершілігі жоғары, рухани бай тұлға қалыптастырудың орына қолдарын бір сілтеп жатады. Барлық саңырау адамдар бірдей ойламайды әрі олар оңай беріле де бермейді.

Ондай студенттер медреселерге келіп білім алады. Анық әрі жақсы есту қабілеттері жоқ бола тұра, ең негізгі білімдерді меңгеріп, дұрыс шешім  қабылдайды.

Мысалы, қараңыздар.

Мұса.  Бала күнінен ол ата- анасына «Неге? Қалай? Сендер неге намаз оқисыңдар? Маған да үйретіңдерші? Менің де оқығым келеді!» деген сұрақтармен жандарын қоймаған екен. Саңырау баланың Алланы танып- білгісі келген ынтасы – ол өзге де дені сау балалардың ынтасымен тең. Мұса да өзгелер секілді білімге талпынды, көп нәрселерді білгісі келді әрі ата- анасына өзінің қабілетін дәлелдей алды!

Әли. Бала күнімнен Исламды үйренгім келді. Ұлы Жаратушыны танып- білгім келді. Алайда жақындарым керең баласына мұны қалай жеткізерлерін білмеді де, ақыр аяғы: «Сен кереңсің. Саған бұны білу шарт емес»,- деді. Бірақ Әли сонда да берілмеген! Қазір ол бес уақыт намазын оқиды, себебі ол барлығын түсінген, алайда одан да көбірек білім мен амал қажет екенін де сезінеді!

Айша. Оның ойынша, имамдар өз білгендерін жеткізу үшін, мылқау студенттермен қарым- қатынас жасауды жолға қойғандары дұрыс деп санайды. Мылқау студенттер де араб тілін үйренгілері келеді емес пе? Ал ата- аналар болса, өз балаларымен үнемі қарым- қатынаста болулары үшін ыммен сөйлесуді меңгерулері қажет. Сол кезде ғана олар өз балаларына Ислам жайлы жеткізе алады.

Залымхан. Бала күннен- ақ керең екенін және де намаз оқып, араб тілін меңгеріп, ораза тұтуға міндетті емес екендігін түсінген. Залымхан – өте зерек бала. Алайда жасы келсе де, жан- жағындағы адамдардың айтқандарының әсерінен әлі күнге дейін намаз оқымайды.

Ринат. Ата- анасы Ислам жайлы білмегендіктен, дін жайлы айта алмаған деп мұңын шақты. Ринат бала күннен дегеніне жететін бала болған екен. Соның арқасында анасынан намаз бен араб әліппесін үйренген. Ата- анасы баласының талпынысына разы болып, діни ілімді Ринатқа жастайынан үйретпегендеріне, керең баланың қабілетін дер кезінде бағалай алмағандарына өкініш білдірді. 

***

Бұлар біраз ғана оқиғалардың аз ғана бөлігі. Бірақ мұның барлығы да есту қабілетінің жоқтығы, ақыл мен естің артта қалғандығын көрсетпейтіндігінің айқын айғағы.

Кеше Ислам негіздері сабағында ұстаз Исламның парыздары жайлы айтып берді:

«Исламның бес парызы бар:

1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену.

2. Күнде бес уақыт намаз оқу.

3. Рамазан айында бір ай ораза ұстау.

4. Жылына бір рет зекет беру.

5. Қажылыққа бару.

Өзін мұсылманмын деп санаған әрбір адам, осы нәрселерге сеніп, құрметтеп, осы бес парызды орындауы қажет. Ал енді балалар, айтыңдаршы, менің он бес жасар балам бар, ол – мұсылман, ораза ұстап, зекет бере ала ма?»

- Жоқ,- деп жауап берді шәкірттер, - Ол әлі кішкентай ғой.

- Дұрыс,- деді ұстаз. – Ол әлі кішкентай. Әрі ораза ұстап, намаз оқи алмайды. Ол әлі мектепте оқиды. Алайда уақыты келгенде, өз ісіне өзі жауап беретін болады. Исламда «мукәлләф» деген ұғым бар.

- Мукәлләф деген кім?,- деп сұрады ұстаз.

- Білмейміз,- деп жауап берді де, қызықты әрі тың нәрсе естімек үмітпен тына қалды саңырау шәкірттер.

Мукәлләф – ақылды, кәмелет жасқа толған адам, - деп түсіндіре бастады ұстаз. – Мукәлләф адам дін парыз қылған барлық шарттарды орындап, тыйған нәрседен тыйылуы керек.

Мукәлләф болып саналатын адамның екі шарты бар:

1) Ақылы толық, есі дұрыс болуы.

2) Кәмелетке толуы.

Ал енді сендер Исламның бес парызын орындауға міндеттісіңдер ма, саралап көрейікші? Сендер кәмелетке толдыңдар ма?

- Ия! - деп жауап берді шәкірттер.

- Ал сендер ақылы толық, есі дұрыс адам болып табыласыңдар ма?

- Ия! - деп шәкірттер қайталады.

- Егер ақыл есіміз толық болса, кәмелет жасқа толсақ, алайда есту мен көру қабілеті болмаса, я болмаса мүгедек болса, ол адам Исламның парыздарын орындауы қажет пе?

Сөйлей алмаса да, ымдап: -  Міндетті,- деп келісті ықыласты шәкірттер.

- Алайда сендерге өзге адамдар: «Намаздың саған қажеті қанша? Сен саңырау емессің бе?» деп айтулары мүмкін.

- Мен- мукәлләфпін!- деп мақтанышпен жауап берді саңырау Максим.

Максим бұл жаңа сөзді әсермен қабылдағаны сондай және бұл сөзді сондай нақты әрі қатты әсермен айтқаны соншалық, «Мен - мукәлләфпін» деген сөзді САҢЫРАУ АДАМ айтып тұр дегенге ешкім сенбес еді!

«Саған намаздың не қажеті бар? Сен саңырау емессің бе?» деген сөзге ақыл- есі толық мукәлләф қалай жауап бере алатындығын түсінгеніне ұстаздың қуанышында шек болмады.

Юлия Замалетдинова
Саңырау студенттерге арналған медресе ұстазы (Мәскеу қаласы)
____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz
Ислам.ру
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы