Сәрсенбі, 07 Қаңтар 2015   |   1296 рет оқылды

Пайғамбарымыздын (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті жайлы тоғыз қызықты мәлімет

Өмірде сұлулыққа толы құбылыстарды көргенде біз жиі, «Жер бетіндегі Жәннат» деп айтып жатамыз. Шын мәнінде, бұл тіркеске сай келетін тек бір ғана мекен бар. Жасыл кілемдермен төселіп, миллиондаған адамдардың көз жасымен жуылған Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде «Жәннат бақшаларының бағы» жатыр. Бұл қасиетті мекен әр мұсылманға белгілі болғанына қарамастан, ол туралы қызықты мәліметтер оқырманға пайдалы болар:  

9. Пайғамбарымыздың  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті Арабия түбегінде  салынған құрылыстардың ішінде электр қуатымен жабдықталған ең алғашқы ғимарат.

Османдықтар аймақта электр жүйесін ретке келтіре бастаған  уақытта,  бірінші  Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінен бастайды. Бұл, Сұлтан өзінің Ыстамбұлдағы сарайын толықтай электр қуатымен жабдықтағанға дейін, бірнеше жыл бұрын болды деген болжам бар.



8. Заманауи мешіт ескі қаладан да үлкен.

Мешіттің қазіргі таңдағы үлгісі, ескі ғимаратынан жүз есе үлкен болып табылады. Бұл оның аумағы ескі қаланың аумағын қамтитындығының белгісі. Жәннат әл-Бәқи  зираты бұған  дәлел  бола алады. Егер Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) заманында зират қаланың шетінде орналасқан болса, қазір мешіт ғимаратына жақын жерде орналасқан.



7.  Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесінде бос қабірдің орны бар

Бұрыннан бері Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және Абу Бәкір мен Омардың (Алла оларға разы болсын) қабірлерінің жанында бос қабір бар деген аңыз бар еді. Бұл аңыздың шындық екені, 1970 жылы мазардың жабдығын ауыстырып жатқан кезде бір қабірдің бар екені анықталған. Бұл қабірдің  Иса пайғамбарға арналған деген пікір көптеген адамдардың арасында талқыға түскен.

6. Мешіт өртке оранған

Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің көп бөлігі, соның ішінде ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде салынған мұнара  өртке оранып жойылған.  Өрттің кең жайылғаны соншалық, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесінің шатыры мен қабырғасы құлайды.

5. Оның бір де бір күмбезі болмаған. Қазір  екі күмбезі бар.

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін 650 жыл бойы оның мазарына күмбез қойылмаған еді. Оны бірінші болып 1279 жылы Мамлүк сұлтан тұрғызды. Ол ағаштан жасалып, түсі жасыл еді. Қазіргі таңда біз білетін жасыл күмбез, шындығында Алла елшісінің бөлмесінің үстүндегі сыртқы күмбез болып табылады. Одан басқа көлемі кішірек келетін ішкі күмбез де бар.  Оның ішкі жағында Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бәкір мен Омардың есімдері жазылған.

4. Күмбез күлгін түсті болатын

Күмбез қазіргі таңда 150 жыл бұрынғы  кейпін сақтауда, оған дейін бірнеше рет қайта тұрғызылып, әр түрлі түстерге боялған еді. Біраз уақыт ақ түске боялған болса, ең ұзақ уақыт Хиджаз арабтары жақсы көретін күлгін түсті иемденген еді.


3. Мешіттің үш михрабы бар

Көптеген мешіттерде тек бір михраб болса, Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің үш михрабы бар.  Оның біреуін  имамдар жамағат намаздарын жүргізуге қолданса, екіншісі Сүлеймен сұлтанның тапсырысымен салынып, «михраб Сулеймание»  немесе «Ахнаф» деп аталады. Онда хәнафи мазхабын ұстанатын имамдар жамағатпен намаз оқыған. Мәлики мазхабының имамы намазды  Пайғамбар михрабынан жүргізген. Бұл михраб Пайғамбар намазда тұрған кезде аяғын қойған жерден басқа алынған аумақты қамтиды.

2. Фәтима анамыздың (Алла оған разы болсын) бөлмесінде не орналасқан?

Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі заттар өзінің және Фәтима анамыздың (Алла оған разы болсын) бөлмесінде орналасқан. Көлемді құрылыстар  кезінде анамыздың бөлмесі Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесіне қосылған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде  Медина қоршауға алынып, Осман қолбасшысы көптеген құнды нәрселерді балалар мен әйелдердің киімдеріне жасырып Ыстамбұлға жеткізген еді. Қазір бұл заттарды Топкапы сарайында көруге болады. Бір қызығы көптеген нәрселердің керекті құжаттары жоқ болып табылады.

1. Мешіт құпия белгілерге толы

Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті «да Винчи кодының » өзі салыстыруға келмейтін, әр түрлі көптеген құпия белгілерге толы. Әр тіреудің, күмбездің, терезенің тарихы және рухани құндылығы бар, олар әр түрлі оқиғалармен байланысты. Жобалаушылар  бұл жерлер ақпараттық белгілермен  жабдықталса, намаз оқудан көңіл аударатындығы үшін, басқа әдіс қолдануды жөн көрді.  Яғни, қоршаған нәрселердің әрленімін өзгерту арқылы. Бұлардың астарында қандай құпия-сырлар мен белгілер жатқандығы жайлы сіздерге басқа жолы айтармыз, иншә Алла.    



Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті жай ғана қатардағы мешіт емес, бүкіл үмметтің ұлы жеңістері мен жеңілістерінің сахынасы. Ол  қоғамдық орталық, үйсіздер үшін пана, университет және мешіт болып табылады. 

Уақыт өте келе, мұсылман үмметінің буын-буынымен өзгере келе, мешіттің өзі де өзгеріске ұшырады: безендірілуі ерте кезде пальма сабағынан бастап, қазіргі таңда мәрмәр мен алтынға дейін. Дегенмен! Оның ішкі өзегі қол тимеген қалыпта, бұның өзінде баршамызға сабақ бар.

Ағылшын тілінен аударған Azan.kz
 
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы