Сейсенбі, 14 Сәуір 2015   |   1922 рет оқылды

Қытай кеспесінің құрамында улы зат бар екені дәлелденді

 

Yahoo Health хабарлағандай, 2014 жылы ғалымдар осы кеспе туралы өз ойларын жариялаған болатын.

Олар егер адам «Доширакты» жүйелі қолданса кардиометоболиялық қатерге, тіпті инсультқа дейін әкелуі мүмкін деген еді.

Бұдан бір жыл бұрын интернетте экспериментшілердің 2 сағат бойы қорытпақ болған осы кеспені жеген адамның асқазанын түсіріп алған бейне (видео) пайда болған болатын. «Егер шындығын айтатын болсақ, осы кеспені ұзақ уақыт бойы жеу жүрек және асқазан ақауларына әкелмеуі мүмкін емес», – деді өз ойын жеткізген медицина докторы Джереми Файна.

Джереми Файна жылдам пісірілетін кеспенің құрамын зерттеу бастамасын қолға алғандардың бірі. Медицина мамандарының айтуынша, «Доширакта» кеспенің фомасын сақтап қалу үшін темекі өнеркәсібі мен антифриз өндірісінде қолданылатын пропиленгликоль сұйықтығы бар. Екінші зат – кеспенің дәмдеуішіндегі трет-бутилгидрохинон антиоксиданты. Ол сондай-ақ парфюмерияда, лактар мен шайырды жасап шығаруда қолданылады. Бұда басқа кеспенің қапшығында ароматталған моносодиум глутамат (ол ақ кристалдар түріндегі тағамның дәмін күшейткіштер), натрий және А бисфенолы бар.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғысы кеспенің ыдысында бар екен. Енді ағзамызға зиян Қытайдың осы кеспесін жеудің алдында жақсылап ойланыңыз. Өйткені денсаулық бәрінен де қымбат. Орта ғасыр философы Омар Хайям айтқандай, не болса, соны жегеннен аш жүрген артық.


24.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы