Дүйсенбі, 20 Сәуір 2015   |   4091 рет оқылды

Қасиетті Режеп айы келді!

Құрметті бауырлар !!! 
Үстіміздегі жылдың сәуір айының 20 күні , Хижра күнтізбесі бойынша Қасиетті Ережеп айы кіреді. Ережеп айы Алла Тағаланың айы болғандықтан, Алланың заты, сипаты жайында баяндайтын Ықлас сүресін көп оқыған жақсы. Ережеп айының әр күнінің басында және соңында 7 рет Фатиха сүресі мен 100 рет Ықылас сүресін оқу өте үлкен сауап. Әсіресе бұл айдың құрметіне орай, күнде 11 рет Ықылас сүресін оқумен қатар истиғфар, салауатты көп оқу керек. Бұл айды оразалы қарсы алу керек және Алла Тағалаға көп құлшылық жасау керек. 
Ережеп айының 1- күні ораза ұстағанға 3 жылдық сауап, 2- күні ұстағанға 2 жылдық, 3 күні ұстағанға 1 жылдық нәпіл ораза ұстаған сауап беріледі. Үш күннен кейін әр күніне 1 ай нәпіл оразаның сауабы беріледі. Бұл айдың 13,14,15 күні ораза ұстағандар бұл сүннетті орындағаны үшін, көптеген ауруларына шипа табады. Бұл, хадис арқылы бізге жеткен. 
Ережеп айының 1 мен 10 аралығында, 11 мен 20 сы аралығында, 21 мен 30 арасында оқылатын 10 ракағат намаз бар. Бұл әр 10 күнде 1 рет ғана оқылады. Намаздың аты «Қажет намазы» . Барлығының оқылу түрі бірдей. Бұл намазды ақшамнан кейін де құптаннан кейін де оқуға болады. 
Мүмкін болса жұма түнінде, дүйсенбі түнінде және тахажжут уақытында оқу тіптен жақсы. Бұл намаз мұсылмандар мен екіжүзділер (мұнафих)арасын айырады. 
Бұл 30 ракағат намазды оқығандар хидаятқа қауышады. Екіжүзділер (мұнафихтар) бұл намазды оқи алмайды. Бұл намазды оқыған адамның жүрегі өлмейді. Бұл 30 ракағат намаз Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейхи уассяламның шаштаразы Селман Пак (р.а) тарапынан рауаят болған. 
Бұл намаздың оқылуы: 
Қажет намазының ниеті: 
«Иа Аллаһым, мені дүниеге келуімен дүниені нұрға толтырған, Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейхи уассяламның құрметіне, сүйікті айың Ережеп шәріптің құрметіне, кешіріміңе бөлеуің үшін, өзіңнен қорыққан құлдарыңның арасына қосуың үшін, дүние мен ақырет бақытына ие болдыруың үшін, ниет еттім. Сенің ризалығың үшін қажет намазын өтеуге, жүзімді қараттым құбылаға, Аллаһу акбар»- деп ниет етіледі. 
1. Ережеп айының 1 мен 10 арасында, әр ракағатта 1 рет Фатиха сүресін, 3  рет Кафирун сүресін,3 рет Ықылас сүресі оқылады, 2 ракағатта 1 сәлем беріледі. Осылайша 10 ракағат намаз оқылады. Намаздан кейін 11 рет мына дұға оқылады. 
«Ләә иләәһә илллаллаһу уахдаһуул ләә шәриикәләһ. Ләһул мулку уәләһул хамду иухи уаиумиит. Уәһуә хаииууллә иәмуут биәдиһил хаийр. Уәһуә аләә кулли шәйиін қадийр» 
2. Ережеп айының 11 мен 20 сы аралығында оқылатын 10 ракағат намаздан кейін 11 рет мына дұға оқылады. 
«Иләәһән, уәәхидән, әхәдән, самәдән, фәрдан, уитран, хаййән, қайумән дәәй мән әбәдә» 
3. Ережеп айының 21 мен 30 аралығында оқылатын 10 ракағат намаздан кейін 11 рет мына дұға оқылады. 
«Аллаһуммә лә мәәниға лимәә, ағтайта, улә муғтийә лимәә мәнағта, уләә рааддә лимә қадайтә улә мубәддлә лимә хакәмтә, уәлә иәнфағу зәлжәдди мин кәлжәд. Субхаанә раббииәл, аллииіл ағләл уаһһаааб, Субхаанә раббииәл алийл ағләл кәриимил уаһһааб, иа уаһһабу, иәә уаһһаабу, иәә уаһһаабу, иәә уаһһааб» 
Бұл қасиетті айда екі кеш бар. 
1. Ережеп айының алғашқы жұма түні РАҒАЙЫБ түні 
2. Ережеп айының 27 түні МИҒРАЖ түні. 
Барлық құлшылықтарыңыз, дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы