Сенбі, 07 Қараша 2015   |   4144 рет оқылды

Дәретханада дұрыс отырып жүрміз бе?

"Ұлы сөздің ұяты жоқ" демекші, біз сіздерге әжетханада қалай дұрыс отыру керектігі жайында аз-кем кеңес айтпақпыз. Негізінде әжетханада отырудың тәртібін исі мұсылман баласы жақсы біледі. Себебі, әжетханада жүрелеп отырғанда оң тізесін көтеріңкіреп, сол аяғын басыңқырап отыру - сүннет. Бәйһақидің хадис жинағында келген бір хадисте  Сурақа ибн Жағшам былай дейді: «Бізге әжетханаға кіргенде салмағымызды сол аяғымызға салып, оң аяғымыздың тізесін тік ұстауымызды үйретті».[1] 

Әжетханада бұлай отырудың дұрыс екендігін қазір әлем дәрігерлері мойындап отыр. Мойындағанымен қоймай, осылай отыруға үндеп дабыл қағуда. Тіпті, суреттерімен көрсетіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуына үлес қосуда. 

1-сурет

35 градус қалыпта отырсаңыз бәрі де басқаша болмақ (2-сурет). Жеңіл түрде өтеді. 

2-сурет

"Бірақ, қазіргі унитаздар мұндай отырысқа ыңғайлы етіп жасалмаған ғой" деуіңіз мүмкін. Егер де аяғыңыздың астына кішкентай орындық қойсаңыз, дұрыс отырған боласыз (3-сурет). Денсаулықтың да бұзылуының алдын аласыз.

3-сурет

 

Көрдіңіз бе, медицина енді ғана дәлелдеп көзі жетіп отырған дәретханада дұрыс отырудың тәртібін ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

[1] Байһақи - №418-хадис. А.Қасым, "Әжетхана әдебін жақсы білесіз бе?".


Нұрқанат Байзақ

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы