Бейсенбі, 25 Ақпан 2016   |   1240 рет оқылды

Найзағай - Алланың бірегей белгілерінің бірі

Жыл сайын әлемде 3 миллиардқа жуық найзағай ойнап, күн күркірейді екен. Сіз әлемдегі ең жарқын атмосфералық құбылыстардың бірі Алла Тағаланың қалауымен әрі қалыптастырумен болатындығын ойладыңыз ба? Алла-құдіретті, ұлы күш иесі. Бұлтта электр заряды жинақталып, нәтижесінде алып электр ұшқынынан - найзағай пайда болады. Оның орнына ауа қызып әрі кеңейіп, осының негізінде біз аспаннан қатты, күркіреген қорқынышты дыбысты естиміз. Найзағайлар электростанциядан да мың есе күшті электр жарқылын шығарады. Бұл ғажайып құбылыстардың барлығы Ұлы Жаратушының ұлылығын дәлелдей түседі. Аталмыш құбылыстар қас пен көздің арасында, бірнеше секундттың ішінде болып өтеді. 

Найзағай сағатына 96 км жылдамдықпен қозғалатын және 30 мың градус жылу бөлетін энергияның қайнар көзі болып саналады. Бір найзағайдың энергиясы 3 ай бойы 100 ваттық шамды жағу үшін жеткілікті. Сондай-ақ бір ғана найзағайдың жарқылы 10 млн. 100 ваттық шамнан да күштірек. Найзағайдың жылдамдығы секундына 150 000 км. және оның қалыңдығы шамамен 2,5-5 см болып табылады. Жер найзағай жарқылына толғанда әуе 25 000 С дейін қызады. Уақыт өте келе найзағайдың пайда болу сыры жақында ашылды. Б.э. дейін 1600 ж. метеорологияда, әдетте Аристотельдің ұсынысы басты мәселе ретінде қарастырылды. Алайда қасиетті Құран Кәрім 1400 жыл бұрын осы мәселенің құпиясын әлдеқашан ашып қойған еді. Табиғатта болып жатқан әрбір құбылыстың белгілері ақылға кемел саналы адам баласын ортақ ойлану мен пікірлесуге шақыратыны шындық. Күннің күркіреуі адамзатқа ажал кемесінің әр уақытта жақын екендігін мәлімдеп, өлшеулі өмір-керуенінің көшпелі екендігін ұғындырады. Аталмыш құбылыстардың баршасы да Ұлы Жаратушының алдында адам баласының түкке тұрғысыз тұлғасы мен дәрменсіз құлдық қасиетін еске салады. Есті алар қорқыныш пен үрейге толы найзағай жарқылы кез-келген бейқам пендені тәубесіне түсіріп, Алланы еске салып,  оған бойұсынуды, ғибадат етуді насихат етеді. Бұл өз кезегінде тағы бір рет пенденің бейшаралығы мен әлсіздігін ескерте отырып, Алланы  тануға, оның  шексіз құдіретіне  таңдай қағып, бас июге шақыратын тағылым қайнары болмақ. 

Алла Тағала Құрандағы "Рағыд" сүресінің 13-аятында найзағай жайында былайша баяндайды: "Көктің гүрілі, дәріптеп, періштелер қорқып, Алланы пәктейді. Алла найзағайларды жіберіп, қалағанына тигізеді. Олар Алла жайында таласады. Негізінде Алла орасан күшке ие".

"Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Найзағайдың жарқылы көздерді әкете жаздайды" /Нұр, 43/.

"Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы. Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды" /Бақара, 19-20/.

Иә, ұйқыдағы көңілдерді бір селт еткізіп, жүректерді оятатын және көздерді жұлып әкете жаздайтын найзағай жарқылы әлем иесі Хақ Тағаланың ұлы белгілерінің бірегейі екен. Найзағай жарқылы ғапыл көңілдерді үрей мен қорқынышқа толтырып, ажалдың ақиқаттығын еске салып, жанын қоярға жер таппай қалатындай қауқарсыз халге түсірген Ұлы Алланың хикметі. Ендеше, ғұмыр тіршілігінде шұғылалы бағдаршамдай болған иләһи белгілерден ой түйіп, ғибрат алғандығымыз абзал болмақ.

 


Сайда Хайа

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы